Әлемдегі ең қуатты қолшамы жасалды (видео)
Әлемдегі ең қуатты қолшамы жасалды (видео)
Кеше 274 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Imalent MS32 - нарықтағы ең қуатты қолшамы, кереметтігі сонда - 200 000 люмен жарық шығарады. Бұл жайында islam.kz порталы Oddity Central ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салыстыру үшін алсақ, жарық шашатын қуаты бойынша алдыңғы рекорд орнатқан Imalent MS18 қолшамының жарықтығы Imalent MS32 жарықтығының жартысына ғана ие - «бар болғаны» 100 000 люмен. MS32 жарық сәулесі 1618 метр қашықтыққа жетуі мүмкін және жарықтығы бойынша 100 автокөлік фарымен салыстыруға болады. Ең жоғары жарықтығына қоса, бұл қолшам 40 минут бойы 40 000 люменді ұстап тұруға қабілетті. Бұл артықшылығы оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Ең аз 80 люмен жарықтығында MS32 батареясы 345 сағатқа дейін жұмыс істей алады. 32 CREE XHP70.2 жарық диодымен және 13,4 см шағылыстырғышпен жабдықталған Imalent MS32 қолшамы жетілдірілген салқындату жүйесінің арқасында көп салмақ түскенде де қызып кетпей, жылуды тиімді түрде таратады.

0 пікір
Мұрағат