Әлемдегі ең "лас" валюталардың тізімі анықталды
Әлемдегі ең "лас" валюталардың тізімі анықталды
5 жыл бұрын 2194

Түркия, Германия және Нидерландының ғалымдары қай елдің банкноттарында бактериялар жиі таралатынын анықтады. Бұл туралы baq.kz ақпарат көзі ТАСС порталына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес ең лас валюта румыниялық лей екені белгілі болды. Бұдан бөлек, бактериялар америкалық және канадалық долларларда, сондай-ақ индиялық рупийлерде көптеп кездесетін көрінеді.

Румыния валютасының лас ақша рейтингісінде бірінші орынға табан тіреуінің өзіндік себебі бар. Румыниялық лей ұзақ уақыт ақша айналымында жүруі үшін және қолдан жасап шығару фактілерін болдырмау үшін банкнотты жасаған кезде оның құрамына полимерлерді қосады. 

Бұндай жаңалықты ашқан ғалымдар экономика бойынша Шнобель премиясын алды. 29-рет өткізіліп жатқан наградаларды марапаттау рәсімі 12 қыркүйек күні Гарвард университетінде өтті.

Сыйақы ретінде оларға 10 трлн зимбабвелік доллар берілді. Банкнота шығарылған кезде оның нарықтық құны шамамен америкалық 40 центке тең болды.

0 пікір
Мұрағат