Әлемдегі ең жұқа электронды қағаз планшеті түрлі түске ие болды (видео)
Әлемдегі ең жұқа электронды қағаз планшеті түрлі түске ие болды (видео)
4 сағат бұрын 81 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қолжазбамен жұмыс істеуді жеңілдететін, таяуда шығарылған E-Ink планшеті reMarkable Paper Pro түсті сияға негізделген экранға ие. Бұл islam.kz порталы жайында techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сонымен қатар, құрылғы өзге, ұқсас жүйелерге қарағанда ең жұқа құрылғы - шыны мен алюминий корпусының қалыңдығы небәрі 5,1 миллиметрден аспайды. Сонымен қатар, 2K жақын ажыратымдылығымен (күлдей ұсақ қаріптерді ажыратып көрсету мүмкіндігі) ерекшеленетін құрылғы 11,8 дюймге дейін үлкейтілген экранда жазба жазуға өте қолайлы. Пайдаланушы қабаттау және араластыру мүмкіндігін қолдана отырып, нобай сызба (эскиз) және жазба жазу үшін 9 түсті таңдай алады. Гаджеттің артқы жарығын қолдан реттеуге болады және бар болғаны 12 мс (миллисекунд) кідіріске ие бұл құрылғы бәсекелес құрылғылардан артық тұр. Құрылғы 1,8 ГГц жиіліктегі процессорда жинақталған, 2 ГБ жедел жадысына және 64 ГБ тұрақты жадысына ие. Ал 5030 мАч батарея сыйымдылығының арқасында планшеттің автономиясы 14 күнге жетеді, яғни, екі апта  бойы дербес жұмыс істейді.

0 пікір
Мұрағат