Әлемдегі ең дімкәс ұлт белгілі болды
Әлемдегі ең дімкәс ұлт белгілі болды
5 жыл бұрын 3320 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар зерттеп-зерделей келе адамға қауіпті деген ДНК-ның 26 түрі барын анықтап білді. Осының негізінде әлемде қай ұлттың дімкәс екенін анықтады. Бұл бағытта жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша әлемдегі ең дімкәс ұлт финдер болып шықты. Яғни, ДНК-ның осынша түріне ие. Әдетте ұрпақтан ұрпаққа берілетін, яғни, тұқым қуалайтын аурулар қатері бойынша финдер алға шыққан. Негізінде аталмыш зерттеу организмнің ерекшелігін анықтау мақсатында жүргізілгенін айта кету керек. Ең алдымен генетикалық материалдарға басты назар аударылған болатын. Мамандар тұқым қуалайтын нақты аурулар мен олардың санын анықтап алды. Нәтижесінде «финдер қанының» генетикалық ауруларға бейімдеу екеніне көз жеткізді. Гендерді маркерлеу арқылы әлем бойынша тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар қарасын азайтуды көздеп отыр. Мамандар тек жүрек-қан тамырлары ауруларына және метаболизмге (зат алмасу) жауапты гендермен жұмыс істегенін жеткізді. Сарапшылар фин генінің өзгешелігін аталмыш ұлттың өзгелерден ұзақ уақыт бойы оқшау өмір сүргенінен көреді. Бұл ахуал өз кезегінде олардың генетикалық материалының салыстырмалы түрде бір текті қылған. Тарқатыңқырап айтқанда, аталған ұлт мекендеген аймақтың ерекшелігімен байланыстырып түсіндіреді. Осыған байланысты финдердің ДНК-сы ұқсас болып келеді, сол себепті, тұқым қуалайтын ауруларға шалдығу қатері жоғары. Мамандар осынау ауытқулар бойынша барлық мәліметті бір-бірімен байланыстырып, оларды «финдердің тұқым қуалайтын аурулары» деген атпен бір топқа топтастырды. Бұл жайында it-time24.ru ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат