Әлемдегі барлық әуе компаниясы қандай жемісті тасымалдауға тыйым салған
Әлемдегі барлық әуе компаниясы қандай жемісті тасымалдауға тыйым салған
2 жыл бұрын 1196 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемнің көптеген әуе компаниялары қауіпсіздік пен өзге де себептермен  көптеген нәрселерді жолаушыларға өзімен бірге алып жүруге тыйым салған. Дәлірегі, тыйым салынған бұйымды немесе қандай да бір нәрсені бақылау кеденінен өткізбейді. Бұл жайында islam.kz порталы The Sun ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте жеміс-жидек пен көкөніске мұндай тыйым салынбаса да арасында біреуі бар – әлемнің барлық әуе жайында ұшаққа алып кіруге рұқсат берілмейді. Ол – дуриан. Оңтүсік-шығыс Азия елдерінің ас мәзірінде жиі қолданылатын аталмыш жемістің иісі өткір келетіндіктен жолаушыға өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілмейді. Тіпті, оны орап-қымтап, қаптап, арнайы герметикалық контейнерге салсаңыз да ұшаққа мінгізбейді. Алайда, Филиппиннің шағын әуе жайында оны алдын ала тіркетіп, тек жүк тиелетін бөлігінде тасымалдауға рұқсат беріледі. Дурианның күлімсі иісінен адам еріксіз лоблып, тіпті, өткір иістен денсаулығында кінәраты барлардың десаулығы сыр беріп, өзін аса жайсыз сезінеді.

0 пікір
Мұрағат