Әлемдегі азық-түліктің қанша пайызы "халал"
Әлемдегі азық-түліктің қанша пайызы "халал"
7 жыл бұрын 3876 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Енді бірер жылдан кейін, дәлірегі, 2030 жылдарға қарай әлемдегі азық-түліктің үштен бірі, яғни, 30%-ы шариғат талаптарына сай дайындалады. Яғни, "халал" азық-түлік үлесі әлем бойынша артады. Бұл жайында Еуроазия аймағында ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тойып тамақтану жөніндегі халықаралық жиында ауыл шаруашылығы экономикасының бүкіл ресейлік ғылыми-зерттеу институты жанындағы Еуроазиялық экономикалық қауымдастықтың аграрлық орталық жетекшісі Владимир Тарасов мәлім етті. Оның есебінше, 2017 жылы әлемдегі мұсылмандар қарасы 1,8 млрд адамға жеткен. Бұл көрсеткіш адамзаттың шамамен 23%-ын құрайды. Сарапшылардың есебінше, 2025 жылы халал азық-түлік өнімдері әлемдегі азық-түлік нарығының төрттен бірін иеленетін болады. Ал 2030 жылға қарай үштен біріне жетеді. 

0 пікір
Мұрағат