Әлемдегі алғашқы электр танкері көрсетілді (видео)
Әлемдегі алғашқы электр танкері көрсетілді (видео)
2 жыл бұрын 1238 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапон стартапы электр энергиясын теңізбен тасымалдайтын танкердің прототипін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы power-x.jp ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінің жасыл энергиямен (қоршаған ортаға зияны жоқ) PowerX стартапы жасыл энергияны теңіз арқылы тасымалдауға арналған теңіздегі шешімін ұсынды. Бұлл шешім өз кезегінде жаңартпалы энергия көздерін өндіру мүмкіндігі немесе пайдалану мүмкіндігі шектеулі аймақтарды электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Танкердің прототипі Жапониядағы көрмеде ұсынылды және оның құрылысы 2025 жылы аяқталуы керек. Электр танкерінің ұзындығы 140 м жетеді, ол жалпы қуаты 241 МВт сағ 96 контейнерлік теңіз аккумуляторларымен жабдықталады. PowerX өзінің меншікті аккумулятор жүйесін пайдаланады. Ол литий-темір-фосфат жасушаларының негізінде жұмыс істейді және 6 мыңнан астам заряд циклін қолдайды. Танкердің көмегімен электр энергиясын теңіз арқылы 300 шақырымға дейінгі қашықтыққа тасымалдауға болады. Құрастырушылар танкерлерді теңіз арқылы электр энергиясын тасымалдауда жаңа желілер құру үшін пайдалануға болады, деп есептейді. Батареялар жетілдірілген сайын құрылғылардың қуаты да, тасымалдау ауқымы да ұдайы артып отырады. Сонымен қатар, олар қазірдің өзінде алыстағы аралдарға немесе шалғайдағы жел электр стансаларынан электр энергиясын жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін. Жапон аралдары сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан және терең теңіздермен қоршалған. Мұндай жағдайларда аралдар арасында суасты кабельдерін төсеу қымбат және тиімсіз шешім болып табылады. Осының салдарынан кейбір аудандарда қазбалы отынмен жұмыс істейтін электр стансаларын салу қажеттілігі сақталуда. Шалғайдағы аймақтарды жасыл энергиямен қамтамасыз ету үшін аккумуляторлық танкерлер балама бола алады

0 пікір
Мұрағат