Әлемде қызметтің бір түрінен келетін зиян екі есе артты
Әлемде қызметтің бір түрінен келетін зиян екі есе артты
3 жыл бұрын 1391 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Xinhua / Globallookpress.com

Соңғы 20 жылда әлем бойынша цемент өндірісінен атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газы (CO2) екі есеге артқан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде атмосфераға бөлінетін парникті газдың мөлшерін бағалап, оның себеп-салдарын саралайтын Global Carbon Project ұйымы мен халықаралық климатты зерттеу орталығы келтірген дерекке жөн сілтеген Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, өткен жылы ғимараттар мен өзге де инфрақұрылым үшін цемент өндірісінен атмосфераға 2,9 млрд тонна көмірқышқыл газы бөлінген, бұл көрсеткіш әлем бойынша атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының 7 пайызын құрайды. 2002 бұл тараптағы деңгей шамамен 1,4 млрд тонна болатын. Аталмыш өндірістің планета үшін ең қатерлі тұсы – жылудың мөлшерін қажет ететіндігінде жатыр әрі бұл процесс кезінде зиянды заттар молынан бөлінеді. 2021 жылы парникті газдың әлемдік мөлшерінің жартысы бір ғана Қытайға тиесілі - 1992 жылдан бері бұл елде зиянды заттардың атмосфераға бөліну мөлшері үш еседен астам өсті және жыл сайын 2,6 пайызға артып отырған.

0 пікір
Мұрағат