Әлемде жылына 20 млн адам қатерлі ісікке шалдығады
Әлемде жылына 20 млн адам қатерлі ісікке шалдығады
4 ай бұрын 588 24.kz kaz.inform.kz

Әлем бойынша жылына 20 млн адам қатерлі ісікке шалдығады, деп хабарлайды 24kz.

Соның ішінде тері, сүт безі, өкпе обыры жиі кездеседі. Қатерлі дерттің алдын алудың жолы қандай? Аты жаман аурудың алдын алуда қандай озық тәжірибелер бар? Әлемде қатерлі ісік «жасарып» барады. Бұрын обыр 50-ден асқандардың дерті саналаса, қазір балаға да ауыз салды.

BMJ Oncology ғылыми журналының дерегі бойынша соңғы 30 жылда 50 жасқа дейінгі адамдар арасында қатерлі ісікке шалдығу 80% артқан. Яғни, жер бетіндегі әр бесінші адам онкологияға ұшырайды. Ең сорақысы, ер азаматтар арасында әрбір тоғызыншысы, әйелдер арасында әрбір он екіншісі осы дерттен көз жұмады.

«Жантүршігерлік статистикаға шылым шегу, ішімдік ішу, артық салмақ және ауаның ластануы себеп», - дейді ғалымдар.  

Артық салмақтан арылу қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтады

Салмақ тастауға арналған дәрілер қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі. Бұл – Израиль ғалымдарының жасаған тұжырымы.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, зерттеуге 6 мың ерікті қатысқан. Олар 4 жылда қандағы қантты реттейтін және тәбетті басатын медициналық препараттар ішті. Нәтижесінде обырға шалдығу қаупі 7% кеміген. Бұл дәрілерді қабылдаған адамдарға тұмау секілді жұқпалы вирустар жұға бермейді.

Ғалымдар: «Көп жағдайда дәл осы қабыну обыр жасушаларының өсуіне түрткі болады», - дейді.

Жалпы артық салмақ кемі 13 түрлі қатерлі ісіктің шалдығуына әкелуі мүмкін.  

Күнделікті жаяу жүру қатерлі ісік қаупін 16% азайтады

Күнделікті жаяу жүру қатерлі ісік қаупін анағұрлым азайтады. Мұны Оксфорд университетінің ғалымдары дәлелдеді. Олар 85 мың адамға арнайы құрылғы тағып, қимыл-қозғалысын бақылаған. 6 жыл жүргізілген зерттеу нәтижесі күніне 7 мың қадам жүру 11%, ал 9 мың қадам жасау обыр қаупін 16% азайтатынын көрсетті.

«Жүгіресіз бе, әлде асықпай жүресіз бе? Бұл жағы маңызды емес. Бастысы, күнделікті әдетке айналдыру керек», - дейді.

Ғалымдар көп жағдайда қатерлі ісікке шалдығу жұқпалы аурулардың салдарынан болатынын ескертеді. Сондықтан обырдың алдын алу үшін ең алдымен тексерістен уақытылы өтіп тұру қажет.

Қалқанша безінің қатерлі ісігі Азия елдерінде ең көп таралған

Жыл сайын әлемде қалқанша безі қатерлі ісігіне шалдыққан 300 мыңнан астам жағдай тіркеледі, деп хабарлады 24.kz 

Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Бұл онкологияның ең кең таралған 10 ауру түріне жатады. Ол балаларда да, егде адамдарда да пайда болуы мүмкін. Бірақ, әйелдер ерлерге қарағанда 4 есе жиі ауырады.

Ғаламдық онкологиялық обсерваторияның 2022 жылғы мәліметі бойынша қалқанша безінің қатерлі ісігі Азия елдерінде ең көп таралған. «Кіші құрлықта» 600 мың науқас анықталды. Бұл әлемдік көрсеткіштің 72%-і. Екінші орындағы Еуропада ауруға шалдығу деңгейі 9,6%. Одан кейін Латын Америкасы мен Солтүстік Америка тұр. Олардың көрсеткіші бірдей. Африка мен Мұхит маңы елдеріндегі көрсеткіш анағұрлым төмен.

Зерттеушілер қатерлі ісіктің сыртқы белгілерін анықтаудың қиын екендігін алға тартады. Қалқанша безі рагы бастапқы деңгейінде мүлде білінбей дамиды екен. Оны ерте анықтауға қазіргі медицина әлі де қауқарсыз. Кейін анықталған кезде емдеу күрделі және тиімсіз үрдіске айналады. 80% жағдайда ауру әбден асқынып кеткен болады. Сонда да дәрігерлер адамдарға тұрақты түрде тыңғылықты медициналық тексерістен өтіп тұруды ұсынады.

Швеция жатыр мойны обырын жеңген алғашқы ел атануы мүмкін

KAZINFORM — Швецияда жыл сайын шамамен 530 әйел жатыр мойны обырына шалдығады. Орта есеппен әр үш күн сайын бір әйел осы дерттен көз жұмады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ. 

Қазіргі таңда Швеция бұл қатерлі ісікті толықтай жойған әлемдегі алғашқы ел атану мүмкіндігіне ие.

Аурудың негізгі себебі — адам папилломасы вирусы (АПВ). Ол жыл сайын шамамен 1100 қатерлі ісік түрінің дамуына себеп болады, оның 500-ден астамы — жатыр мойны обыры.

Бұл аурудың алдын алу үшін Швецияда кең ауқымды вакцинация бағдарламасы іске қосылды.

2025 жылдың 30 маусымына дейін 1994–1999 жылдары туған әйелдер АПВ-ге қарсы тегін вакцина ала алады. Қазіргі таңда қажетті 70% көрсеткіштің 59%-ы ғана қамтылған. 30 маусымнан кейін екпенің құны шамамен 6000 швед кронын (шамамен 550 АҚШ доллары) құрайды.

22 мамыр күні бүкіл ел бойынша бірқатар кинотеатрларда вакцинация жүргізіледі. Екпе тегін, ал салдырғандарға киноға тегін билет ұсынылады.

Бұл бастаманы Швецияның барлық 21 өңірі, Қатерлі ісікпен күрес қоры (Cancerfonden), Capio медициналық желісі және Filmstaden кинотеатрлар желісі қолдап отыр.

Кейбір өңірде 2000–2001 жылдары туған әйелдер де тегін вакцинация салдыра алады.

Осыған дейін Швецияда жоғары жұмыссыздық деңгейі тіркелгенін жаздық.

Айнұр Тумакбаева

Ғаламдық жылыну әйелдер арасында қатерлі ісік жағдайларын көбейтті — зерттеу

KAZINFORM — Климаты жылы елдерде соңғы онжылдықтарда қатерлі ісік ауруларының жиілігі күрт өсті. Жаңа ғылыми зерттеу авторлары бұл құбылысты ғаламдық жылынумен байланыстырып отыр, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Frontiers in Public Health журналында жарияланған зерттеуде Мысыр ғалымдары Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстың 17 елінде 1998–2019 жылдар аралығында сүт безі, жатыр денесі мен мойны, сондай-ақ аналық без қатерлі ісігінің пайда болу және өлім-жітім көрсеткіштерін талдаған. Олар бұл статистикадағы өзгерістерді аталмыш елдердегі орташа температураның көтерілуімен байланыстыруға тырысты.

1998–2019 жылдар аралығында қатерлі ісіктің аталған төрт түрінің жиілігі температураның әр градусына 100 мың тұрғынға шаққанда 173-тен 280 жағдайға дейін өскен. Қатерлі ісіктің ең көп өскені — аналық без, ең азы — сүт безі қатерлі ісігі. Өлім-жітім көрсеткіші де температураның әр градусына 171-ден 332 жағдайға дейін артқан. Ғалымдар бұл нәтижені себеп-салдарлық байланыс ретінде түсіндіреді, олардың пайымдауынша жылыну ауа сапасының нашарлауына, ауыз судың азаюына және азық-түлікпен қамтамасыз етудегі тұрақсыздыққа әкеледі, бұл халық денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Дегенмен, олар мұндай зерттеулерде нақты себеп-салдарлық байланысты дәлелдеу қиын екенін атап өтті.

Бір қызығы, зерттеуде 17 елдің ішінде тек 6 елде қатерлі ісік пен одан болатын өлім-жітімнің өскені анықталған — Қатар, Бахрейн, Иордания, Сауд Арабиясы, БАӘ және Сирия. Сонымен қатар, бұл алты елде де температураның көтерілуі мен қатерлі ісік жиілігінің өсуі біркелкі емес. Мысалы, елдердің географиялық және этникалық жақындығына қарамастан Қатарда температураның әр градусқа көтерілуі сүт безі қатерлі ісігінің 100 мың адамға шаққанда 560 жағдайға өсуімен байқалса, Бахрейнде бұл көрсеткіш 330 ғана болған.

Бұл зерттеу негізінен климаты жылы елдерге қатысты. Алайда зерттеушілердің тұжырымдарына қатысты кейбір сұрақ туындайды.

Біріншіден, 17 елдің көпшілігінде қатерлі ісік және одан болатын өлім-жітім көбейген жоқ. Мысалы, Кувейт, Иран, Алжир, Мысыр сияқты халық саны көп елдерде осындай өзгерістер байқалмады. Бұл жағдай ғаламдық жылыну неліктен кейбір елдерде ғана қатерлі ісіктің өсуіне әсер еткенін түсіндіруді қиындатады.

Екіншіден, ата-аналардың қатерлі ісік ауруының жиілігі бала санына байланысты корреляция көрсетеді. Яғни, көпбалалы отбасыларда қатерлі ісік жиілігі баласы аз немесе бала сүймеген отбасыларға қарағанда екі есе төмен болады. Зерттеуде қатерлі ісік өлім-жітімі артқан алты елде 1998–2019 жылдар аралығында туу көрсеткіші айтарлықтай төмендегені көрсетілген.

Осыдан бұрын қазақстандық онколог қатерлі ісіктің себебін анықтау мүмкін емес екенін айтқан еді.

Жаяу жүру қатерлі ісік қаупін азайтады — ғалымдар

Әлемде жыл сайын 20 млн адам қатерлі ісікке шалдығады. Соның ішінде тері, өкпе, сүт безі, жатыр мойны обыры жиі кездеседі.

Мамандардың айтуына қарағанда онкологиялық аурудың асқынуына спирттік ішімдіктер ішу, шылым шегу және ауаның ластануы себеп.

Дерекке сүйенсек, бүгінде шамамен әр бесінші адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады. Дерттің алдын алу жолы қандай? Аты жаман аурумен күресудің қандай озық тәжірибелері бар?

Алдағы 20 жылда әлем бойынша дертке шалдыққан науқастардың саны 55% артуы мүмкін. Обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктігі осындай болжам жасап отыр.

Жазда тері обырына шалдығу қаупі жоғары

Жаз келе саяхаттау маусымы қызып, адамдар суға шомылып, күнге қыздырынады. Сондықтан мамандар бұл мезгілде күннен барынша қорғануға шақырады. Өйткені жаз айларында тері қатерлі ісігіне шалдығу қаупі жоғары болады. Күннен бөлінетін ультракүлгін сәуленің деңгейі артады. Егер оның индексі +6 мен 11-дің аралығында болса бұл адам денсаулығы үшін өте қауіпті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлемде жыл сайын 3 миллионға жуық адам тері қатерлі ісігіне шалдығады. Соның ішінде «меланома» диагнозы жылына шамамен 130 000 адамға қойылады. Ол, әсіресе, балалар мен орта жастағы ересектерде жиі кездеседі.

Мамандардың айтуына қарағанда, егер бала кішкентай кезінде күнге бірнеше рет күйген болса, бұл өсе келе меланомаға шалдығу қаупін 2-3 есе арттырады.  

«Біз қатерлі ісік ауруларын науқасқа жас кезінде қандай диагноз қойылғанына қарап анықтаймыз. Оған шалдығу қаупі біздің мінез-құлқымыз бен өмір салтымызға тікелей байланысты. Өйткені, қоғам өзгерген сайын адамның өмір сүру дағдысы да өзгереді. Сондықтан оны әрдайым қадағалап отыру маңызды» — Вилар-Санчес, онколог дәрігер.  

Әлемде 2,5 млн адам өкпе обырына шалдыққан

Дүнежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлемде өкпе обырына шалдыққандар көп. Олардың саны 2,5 миллионнан асады. Бұл онкологиялық аурулардың 13%-і. Ал сүт безі обыры 2 миллион 300 мың адамның дертіне айналған.

Сондай-ақ, колоректалдық обыр, қуықасты безі обыры, асқазан және жатыр мойны обыры – ең жиі кездесетін қатерлі ісік түрлері.

- өкпе обыры

– 2 500 000

- сүт безі обыры

– 2 300 000

- колоректалдық обыр –  1 900 000

- қуық асты безі обыры – 1 500 000

- асқазан обыры – 970 000 

- жатыр мойны обыры – 604 000

Дереккөз: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  

Жаяу жүру қатерлі ісік қаупін азайтады

Ғылым мен технология дамыған сайын қатерлі ісікті жеңудің жолдары да көбейіп келеді. Иммунотерапия, түрлі вакциналар, нанотехнология – мұның бәрі қазір медицинада кеңінен қолданылып жүрген әдістер.

Ғалымдар көп жағдайда қатерлі ісікке шалдығу жұқпалы аурулардың салдарынан болатынын ескертеді. Сондықтан обырдың алдын алу үшін ең алдымен тексерістен уақытылы өтіп тұру қажет. Сондай-ақ, қарапайым күнделікті жаяу жүру қатерлі ісік қаупін анағұрлым азайтады. Мұны Оксфорд университетінің ғалымдары дәлелдеді. Олар 85 мың адамға арнайы құрылғы тағып, қимыл-қозғалысын бақылаған. 6 жыл жүргізілген зерттеу нәтижесі күніне 7 мың қадам жүру 11%, ал 9 мың қадам жасау обыр қаупін 16% азайтатынын көрсетті.

 

0 пікір
Мұрағат