Әлемде ең титтей биомедициналық робот жасалды (видео)
|
Гонконг ғылым және технология университетінің инженерия мектебінің (HKUST) білікті мамандары көлемі бір миллиметрге де жетпейтін биомедициналық роботты сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына және medicalxpress.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғалымдарының қолынан шыққан бұл робот ұқсас түрілерінен 60 пайызғы кіші болып келеді. Яғни, бұл құрылғының көлемі биологиялық-медициналық роботтар тұрқының жартысына да жетпейді. Бар-жоғы 0,95 миллиметр болатын робот ауруларды анықтауда (диагноз қоюда) және дәрі-дәрмекті организмнің керекті жеріне жеткізуде көп көмектеседі. 3D басып шығару әдісімен жасалған роботты доңыздың өкпе бронхына жіберу арқылы сынақтан өткізілді. Модел шектеулі немесе тар кеңістікте бағытынан жаңылмай бірқалыпты навигацияға, сондай-ақ, дәрілік заттарды жеткізудің күрделі әрекеттерін орындауға қабілетті екенін көрсетті. HKUST профессоры Шен Йажиын машинаның қуыс қаңқа мен суреттерді түсіру үшін оптикалық талшықты матрицаға ие екенін айтты. Робот үйкелісті азайтатын гел тәрізді қабатпен қапталған. Ғалым фиброскопиялық роботтардың жақын болашақта адам денсаулығына үлкен үлес қосатынын алға тартты. Тар кеңістікте жылжи алатын әрі пациентке жұқпалы ауруларды жұқтырмайтын бұл роботты жүрек ауруларын емдеуде қолдануға қолайлы.