Әлемде алғаш рет мұсылман саяхатшыларына арналған круиз пайда болды (фото)
Әлемде алғаш рет мұсылман саяхатшыларына арналған круиз пайда болды (фото)
1 ай бұрын 881 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. The M/V Piano Land, developed in partnership with Astro Ocean Cruise and Hwajing Travel & Tours, is the first cruise to market itself as Muslim-friendly, with the hopes of establishing a new era of travel for billions across the globe

Мұсылман саяхатшыларына арналған әлемдегі алғашқы круиз жолға шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылман саяхатшылар мұнда шариғат талаптарына сай әзірленген ас мәзіріне, алкоголсіз сусын түрлеріне, намазханаға қол жеткізе алады. Саяхатшылар сәні мен салтанаты келіскен лайнер бортынан оңтүстік-шығыс Азияның көз тартар көрікті жерлерін тамашалай алады. Astro Ocean Cruise және Hwajing Travel & Tours компаниялары бірігіп құрастырған Piano Land кемесі қазан айының 29-ы күні Малайзияның Кланга айлағынан шықты. Ол Пенанг пен Лангкауи арқылы батыс жағалауының бойымен үш күн жүзіп, аттанған айлаққа қайтып оралады. Жалпы саны 1760 жолаушыға шақталған кемеде 10 палуба, 880 каюта бар. Мұнда ішімдіктен өзге сусын түрлері, соның ішінде шырын мен ыстық сусындар беріледі. Діни нақышта безендірілген кемеде әйелдерге бөлек орындар қарастырылған. Кеме фитнес әуесқойларына және мәдениет құндылықтарды, т.б. тамашалауға қолайлы маршрутты ұсынады. Балаларға ыңғайлы бірқатар клуб  пен бағдарламалар кішкентай саяхатшылардың зерікпеуіне мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, медициналық және сауықтыру орталығы ересек қонақтарға демалуға мүмкіндік береді.

Departing from Port Klang in Malaysia on 29 November, the ship will sail for three days on the western coast through Penang (pictured) and Langkawi, before returning to its starting point

Departing from Port Klang in Malaysia on 29 November, the ship will sail for three days on the western coast through Penang (pictured) and Langkawi, before returning to its starting point

Boasting 10 decks and 880 cabins, the ship can accommodate 1,760 passengers, who are treated to a range of bespoke onboard experiences and facilities with Islamic hospitality at its heart

 

Boasting 10 decks and 880 cabins, the ship can accommodate 1,760 passengers, who are treated to a range of bespoke onboard experiences and facilities with Islamic hospitality at its heart

0 пікір
Мұрағат