Әлемде алғаш рет биометриялық қару жасалды (видео)
Әлемде алғаш рет биометриялық қару жасалды (видео)
2 жыл бұрын 1817 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та тарихта тұңғыш рет биометриялық тапанша жұртшылық назарына ұсынылды. Өзгеше смарт қару әскерилерге емес, бейбіт адамдарға арналған. Дәлірегі, қорғану құралы ретінде қызмет етеді. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. The Biofire Smart Gun деп аталатын тапаншаны Biofire Technologies қару-жарақ компаниясы әзірлеген. Biofire Smart Gun - кіріктірілген саусақ ізі сканері мен 3D бет сканері бар, 9 мм-лік зеңбірек. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл қару бір мезгілде Touch ID және Face ID датчиктерімен жабдықталған. Тапанша тек қожайынының қолында болғанда ғана атылады. Ал бөгде біреу қолын алса, онымен ата алмайды. Қаруды жаңа қожайынын тіркеу үшін арнайы терминалға қосу керек. Дәлірегі, терминал арқылы тіркелгендер ғана атылатын қару түрі бұл. Biofire Smart Gun кірістірілген литий-ионды батареямен жұмыс істейді, оны жоғарыда аталған терминал арқылы қайта зарядтауға болады. Бір заряд бір айға жеткілікті. Сондай-ақ, бұзуға мүмкіндік бермейтін шифрленетін чипі бар. Оны кәдімгі қаруға айналдыратынжай етіп түрлендіруге келмейді. Сонымен қатар, тапанша иесіне қауіп туралы ескертетін жарықдиодты шамдармен жабдықталған. Осылайша, кездейсоқ ату қаупі барынша азайтылған. Аталмыш компания The Biofire Smart Gun жобасымен 10 жылдан астам (2012 жылдан бері) уақыт айналысып келе жатқанын мәлімдеді. The Biofire Smart Gun құны – 1499 доллар. 2024 жылдан бастап жаппай шығарыла бастайды.

 

0 пікір
Мұрағат