Әлем бойынша пара мөлшері жылына 2 трлн долларға жеткен
Әлем бойынша пара мөлшері жылына 2 трлн долларға жеткен
7 жыл бұрын 2765 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық валюта қорының өкім беруші директоры Кристин Лагард әлем бойынша пара мөлшері жылына екі трлн долларға жеткенін мәлімдеді. "Жыл сайынғы пара құны - сыбайлас жемқорлықтың тек бір бөлігі - 1,5-тен екі трлн долларды құрап отыр, яғни, әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен екі пайызы. Бұл тек айсбергтің су бетінендегі көрінісіндей ғана мөлшері", деді ол Вашингтон қаласындағы Брукингс атындағы институтта өткен коррупциямен күреске арналған алқалы жиынды. "Біз, сонымен қатар, қоғамдық қызметке ықпал ететін халықаралық жеке ойыншыларға да назар аударамыз. Жеке ойыншылар коррупцияға пара алу, дәнекер болу, мысалы, ақша жымқыруға, салықтан жалтаруға қолұшын беру секілді лас істерімен дем беріп отыр",- деді артынша. ХВҚ басшысы проблеманы айтқанымен онымен қалай күресу керектігін нұсқамады. Тек сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге үндеді әлем қауымдастығын. 

0 пікір
Мұрағат