Әлем бойынша жылына шылым шегуден қанша адам бақилық болады?
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем бойынша жылына 7 млн-нан астам адамның шылымның зардабынан қайтыс болатындығын мәлімдеді. «Темекі тарту адамдардың тұрмысына кері әсерін тигізіп, еңбек өнімділігінің төмендеуіне, қоршаған ортаның ластануына алып келеді екен. Бұл жайында ДДСҰ-ның Бас директоры Маргарет Чен мәлім етті. Айта кетейік, мамыр айының 31-і күні - бүкіл әлемдік темекіден бас тарту күніне дейін жарияланған баяндамада XX және XXI ғасырларда шылым шегуден көз жұмған адамдар саны 7 млн-ға жеткен болатын. Адамзат денсаулығына жауапты аталған ұйым келтірген дерекке қарағанда, алдағы уақытта шылымның зардабынан қайтыс болатындар саны өспесе, кемімейді және шылым шегуден көз жұматындар қарасы осы ғасырда 1 млрд-қа дейін жетпек.