Алақан табымен (тамырымен) ашылатын есік құлпы (видео)
Алақан табымен (тамырымен) ашылатын есік құлпы (видео)
11 ай бұрын 1130 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

CES 2024 көрмесінде Philips компаниясы Palm Recognition Smart Deadbolt есік құлпын жұртшылық назарына ұсынды. Оның басты ерекшелігі - алақандағы тамырды сканерлейді. Әлем бойынша тамырмен құлыпты ашуға арналған алғашқы құрылғы пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы theverge.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Басқа смарт құлыптарда әдетте үй иесін анықтау үшін саусақ ізін сканерлейді, ал Philips ұсынған жаңа өнімге, тіпті, қол тигізудің қажеті жоқ – жай ғана ашық алақаныңызды құлыптың камерасына тоссаңыз, ол сізді тамыр үлгісінен таниды, өйткені, алақан табындағы тамыр үлгілері саусақ ізі секілді әр адамда әрқалай болады. Құлыпты қате ашу қаупі саусақ немесе бет сканерлеріне қарағанда әлдеқайда төмен. Жаңа технологияның тағы бір артықшылығы – құлыпты лас қолмен де ашуға болады. Саусақ ізін сканерлеуде қол әрқашан таза болуы керек. Palm Recognition Smart Deadbolt бір есікте екі құлыпты қайталауды қажет етпей-ақ кәдімгі есік құлпын алмастыра алады: смарт және классикалық. Құрылғыны қолданба, Google дауыстық көмекшілері және Alexa арқылы басқаруға болады. Мысалы, сіз ассистентке жұмысыңызды тоқтатпай қонақтарды кіргізу үшін «есікті ашыңыз» деп айта аласыз. Кіріктірілген қоңырауы бар. Мұндай айрықша құлыптың бағасы – 360 доллар. Биыл саудаға шығарылады.

0 пікір
Мұрағат