Әжетхана суын ағызғанда шашырайтын ұсақ бөлшектер адам тыныс алатын биіктікке дейін көтеріле алады
Әжетхана суын ағызғанда шашырайтын ұсақ бөлшектер адам тыныс алатын биіктікке дейін көтеріле алады
3 сағат бұрын 52 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам қажетін өтеп болған соң әжетханадағы суды ағызғанда ауаға микробөлшектердің шоғыры көтеріледі – адам бойының деңгейіне дейін. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар әжетхана суын ағызғанда унитаздан шашырап ұшқан аэрозолдерің қаншалықты қашықтыққа дейін таралатынын және мұндай жағдайда бактериялармен жанасу қаупін қалай азайтуға болатынын анықтады. Флиндерс университетінің (Австралия) зерттеушілері жүйелі түрде шолу жасап, унитазды жуу турбуленттік тудырып, аэрозолдар мен биоаэрозолдардың қоршаған ортаны ластайнын анықтады. Кейбір тәжірибеде күлдей ұсақ бөлшектер ересек адамның тыныс алу аймағына сәйкес биіктікте тіркелген. Аэрозолдардың шоғырлануы унитаздың құрылымына, шайынды судың көлеміне және сынама алу әдісіне байланысты болды. Микроорганизмдер ауаға ластанған унитаздан да, шайылған судың өзінен де түседі. Унитазда бактериялар неғұрлым көп болса, шайылған кезде биоаэрозолдар соғұрлым көп тарайды. Тазалық талаптарын қатаң сақтау, қолды үнемі жуу әрекеттері қауіпті бактериялармен жанасу қатерін айтарлықтай төмендетеді. Шайындының көлемі аэрозолдердің пайда болуына да әсер етеді: аз мөлшері олардың санын азайтады. Аэрозолдер ауада кем дегенде 20 секунд қалықтап тұра алады. Тіпті, желдеткіш пен унитаз қақпағын жапқан күннің өзінде қауіпті бактериялармен жанасу қатерін толық сейілтпейді. Әсіресе, ауруханалар мен өзге де қоғамдық орындардағы әжетхана инфекция ошағына айналу қатері жоғары.

0 пікір
Мұрағат