Ажалы тақаған адамның өзін қалай сезінетінін анықтауға тырысыпты...
Ажалы тақаған адамның өзін қалай сезінетінін анықтауға тырысыпты...
6 жыл бұрын 5596 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өлім адамзатты жаралғалы бері толғандырып келе жатқан тақырып... Таяуда "Жаңалықтар аумағы" деп аталатын ақпарат көзі хабарлағандай, Австралияның Вуллонгонг университетінің ғалымдары ажал жастығына бас қойған, яғни, суішкілігі таусылуға жақын қалған бірнеше мың адамның халін зерделеп, олардың өзін қалай сезінетінін зерттеп көрген екен. Біреудің ажалы оттан, енді біреудікі судан, тағы біреудің ажалы аурудан демекші, бұл арада кенеттен, яғни, қандай да бір апаттан емес, өз "ажалымен" бақилық болғандар қаперге алынған. Ғалымдар дәм-тұзы таусылуға жақын адамдарға бір ғана сауал қойған: "Өзіңізді қалай сезінесіз?" деген... Нәтижесінде адамдардың көбісі ауруды сезінбейтін болып шыққан. Ақтық сапары алдында тәжірибеге қатысқандардың 85%-ы ауруды сезінбейтінін жеткізген. Тек 7,4%-ы ғана жан шыдатпас аурудан қиналатынын айтып үлгерген. 13,3%-ы шаршағаннан болатын күйзелісті бастан кешкенін баяндаса, 7%-ы асқа деген тәбеті жоғалғанын жеткізіпті. Ішінара жүректері айнып, тыныс алуы қиындайтынын әрі іші аурытанын айтқандар да бар. Осыған қарап қазақ айтатын "Бой жасау" ұғымының қаншалықты рас екендігіне көз жеткізесіз.

1 пікір
Мұрағат