Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
2 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ақшасы мол туристер көп ұзамай ғарышқа саяхаттай алады. Бұл жайында islam.kz порталы Express ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан былай қаржысы жеткілікті туристер Айдағы алғашқы қонақ үйден алдын ала бөлме брондай алады. Америкалық Galactic Resource Utilization Space компаниясы таяу болашақта қазірдің өзінде тапсырыстарды қабылдай бастаған. Айдың алғашқы меймандар қатарына ену үшін 1 миллион доллар депозит салып қоюы тиіс. Десе де бұл 1 млн долларға Айдағы қонақ үйде қанша уақыт болуға мұрсат беретіні туралы ақпарат айтылмаған. Бірегей жоба авторларының айтуынша, бұл қонақүй тарихта Жердің шегінен тыс салынған алғашқы тұрақты ғимарат болады. АҚШ-тың Galactic Resource Utilization Space компаниясы 2029 жылы Айда алғашқы қонақ үй кешенінің құрылысын бастауға ниетті. Әзірлеушілердің жоспарына сәйкес 2032 жылы нысан алғашқы қонақтарды қабылдауға дайын болады. Аталмыш компания өкілдерінің мәлімдеуінше, құрылыс тұрғын үй модулдерінің меншікті патенттелген технологиясын пайдаланады, сондай-ақ, ай топырағын конструкциялардың берік элементтеріне айналдыруға мүмкіндік беретін толық автоматтандырылған жүйені пайдалану арқылы жүргізілетін болады. Ай қонақ үйін алдымен Жерде жинап, содан кейін қону модулінің көмегімен Айдың бетіне жеткізуді жоспарлап отыр. Нысанның бірінші нұсқасы көп күндік тұру мүмкіндігі бар төрт адамға арналған үрлемелі тұрғын үй модулі болады

 

0 пікір
Мұрағат