Айдан бүкіл жерді жарықпен, жылумен қамтамасыз ете алатын бірегей энергия көзі табылды
Айдан бүкіл жерді жарықпен, жылумен қамтамасыз ете алатын бірегей энергия көзі табылды
8 ай бұрын 823 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Айдан табылған нәрсе түрлі салаға қажетті, негізгі ресурсқа айналуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гелий-3 деп аталатын, өте сирек кездесетін гелий изотопы Жердегі барлық адамдарға таза энергияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл элементтің аз ғана мөлшері біздің планетамыздың атмосферасына ядродан алынады. Америка құрама штаттары сияқты елдің өзін бір жыл бойы таза энергиямен қамтамасыз ету үшін бар болғаны 25 тонна гелий-3 қажет екен. АҚШ-тың Interlune деп аталатын компаниясы гелий-3 өндіруді және оны жерге жеткізу үшін қазірдің өзінде 15 миллион доллар инвестиция жинап үлгерген екен. Қазіргі уақытта аталмыш компания инженерлері Айдың әр аймағынан гелий-3 концентрациясын анықтай алатын қондырғышты жасау үстінде. Күннің ядролық синтез кезінде екі фотон нейтронмен және екі электронмен қосылса, гелий-3 түзіледі. Бұл гелий күннен бүкіл кеңістікке таралады. Алайда, бұл бөлшектердің көпшілігі планетаның магнит өрісіне байланысты жер бетіне жетпейді. Осыған қарамастан кейбір гелий-3 атмосфераға енеді. Сонымен қатар, гелий-3 аз мөлшерде жер ядросында өндіріліп, бетіне шығады, содан кейін атмосфераға, одан ары ғарышқа таралады. Дегенмен, ядрода өндірілетін бұл гелий изотопының мөлшері шектеулі. Ғалымдардың айтуынша, жыл сайын жер атмосферасында 300 грамнан 2 келіге дейін гелий-3 жиналады. Айда атмосфера мен магнит өрісі болмағандықтан гелий-3-тің қоры едәуір көп. Ғалымдар Айда шамамен 1,2 миллион тонна гелий-3 табылуы мүмкін екенін алға тартып отыр. Айда өндірілген гелий-3 медицинадан ядролық синтез мен кванттық есептеулерге дейінгі салалар үшін негізгі ресурс бола алады. 

 

0 пікір
Мұрағат