«Айдаһар» дроны (видео)
«Айдаһар» дроны (видео)
4 ай бұрын 1507 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлеметтік желіде Ресей басқыншылығына қарсы табанды қарсылық көрсетіп жатқан украиндардың «Айдаһар» деген атау берілген отты қаруы қызу талқыланып жатыр. Жеңіске бір табан болса да жақындататын қаһарлы қаруды Украин қарулы күштері майдан даласында қолдана бастады. Бұл жайында islam.kz порталы Bild ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әскери мақсатқа арналған ұшқышсыз ұшу аппаратының ерекшелігі – ұшып бара жатып астындағы аумақты өртейтін, яғни, от шашатын қондырғымен жабдықталғанында. От бүркетін айрықша дронның жұмыс істеу принципі термиттік зарядты қолдануға негізделген. FPV-дронға 500 грамм термиттік қоспаны орналастарып, қарсыластарын отқа ораудың амалын тапты.  Термит қоспасының жану температурасы - Целсия бойынша 2200 градус. Термит ағаштар мен басқа өсімдіктерді ғана емес, сондай-ақ, барлық дерлік заттарды, соның ішінде металды әп-сәтте балқытып, жарамсыз күйге түсіреді. Осы орайда термитті 1890-шы жылдары неміс химиктері ойлап тапқанын айта кетпекпіз. Әуелде теміржолды дәнекерлеуде қолданылған еді, кейін әскери жорықтарда пайдаланылды: екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен оның одақтастары термиттік әуе бомбасын құрастырды. Термиттен басқа тұтандырғыш қаруларға напальма мен ақ фосфор кіреді. Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану істері жөніндегі басқармасы мұндай қаруларды жаппай қырып-жоятын қарулар санатына енгізген және қоршаған ортаға зиян келтіретінін алға тартып отыр. Ал әлемге әйгілі Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы термитті қолданудан бас тартуға үндеп отыр. Мұндай қарудан жарақат алған адамдар азабы мен мехнаты ауыр болады: айлап емделуге тура келеді.

 

0 пікір
Мұрағат