Ай жоғалуы мүмкін екені айтылды
Ай жоғалуы мүмкін екені айтылды
3 ай бұрын 885 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың соңғы зерттеу тұжырымына сәйкес Айдың жоғалу ықтималдылығы нақты сценариге ұласуы мүмкін. NASA ғалымдары жердің табиғи серігі жоғалса, оның апатты салдары алапат болатынын ескертеді. Бұл жайында islam.kz порталы Space мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар Айдың ықтимал жоғалуының ең басты себебіне қаңғалақтаған аса ірі аспан денесінің жойқын соққысын жатқызып отыр. Ондай жағдайда Ай бірнеше бөлікке бөлінетін болады. Ғарыштағы бұл оқиғадан теңіздер мен мұхиттардың экожүйесінде маңызды рөл атқаратын толқындар тоқтауы мүмкін. Жер шары халқының 75%-дан астамы тіршілік көзі судың көтерілуі мен қайтуына тәуелді жағалаулы аймақтарда тұрады. Бұл табиғи құбылыстың жойылуы өз кезегінде экологиялық жүйенің тепе-теңдігіне теріс әсер етеді, дәлірегі, миллиардтаған адамдардың, сондай-ақ, азық-түлік көзіне айналған теңіз жануарларының өміріне қауіп төндіреді. Бұдан бөлек, Айдың жоғалуы Жердегі климат пен ауа райына тікелей әсер етеді. Толқындар мұхит суының температурасын және климаттық жағдайларға әсер ететін ауа айналымын реттеуде маңызды рөл атқарады. Ғалымдар бұл климаттың өзгеруіне және экожүйелердің бұзылуына әкелетінін ескертті. Сонымен қатар, Ай Жердің айналу осін тұрақтандыратынын да естен шығармау керек. Оның жоғалуы көптеген тірі организмдер үшін жыл мезгілдері мен қоршаған ортаның өзгеруіне әкелетін осьтің хаотикалық тербелістеріне әкелуі мүмкін. Ақырында, Айдың жоғалуы ғарышты игеруге және басқа планеталарды зерттеу ісіне кері әсер етеді. Ай ғарышты зерттеу және ғарышты игеруге қажетті технологияларды сынау үшін негізгі базасы ретінде алға шығады. Сондай-ақ, оның ресурстарын планетааралық миссияларды жүзеге асыру үшін пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат