|
АІ деректі жасыруға негізделген киберқауіпсіздік принципін жарамсыз ете алады
|
«Деректерді жасыру арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» термині жүйенің құрылымы мен басқа да компоненттері құпия болғанша қауіпсіз болып қала беретін ақпаратты қорғау әдісіне қарата айтылады. Бұл жайында isslam.kz порталы Cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды зерде деректерді қорғауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудегі осалдықтарды іздеуді жеңілдететіні ешкімге құпия емес. Бірақ, дәл осы себептен ақпаратты жасыруға негізделген киберқауіпсіздік тәсілі тиімді жұмыс істемейді. Жаңа моделдер бұрын сенімді деп есептелген жүйелерден қателіктерді оңай табады. Әсіресе, бұл тараптағы проблема өнеркәсіптік инфрақұрылымнан ерекше байқалады. Кәсіпорындарды, энергетиканы, сумен жабдықтауды және басқа да объектілерді басқару жүйелері көбінесе арнайы жабдықтарда жұмыс істейді және барлық маман біле бермейтін ескі хаттамаларды пайдаланады. Бұрын мұндай ерекшелік шабуыл жасаушылардың жұмысын қиындатуы мүмкін, енді АІ техникалық құжаттаманы және нақты жүйенің ерекшеліктерін аз уақытта зерттеуге қабілетті. Ықтимал қауіп нақты қатерге айналып жатыр. АҚШ-тың бес ведомствосы қаскүнемдердің S7 сериялы Siemens бағдарламаланатын логикалық бақылаушыларына кибер шабуыл жасау үшін әзірленетін AI сценарийлерін қолданғанын хабарлады. Сумен жабдықтау, энергетика, өндіріс және басқа да күрделі инфрақұрылым объектілеріне ұдайы қауіп төнеді. Қорғану жүйелерінің осал тұстарын іздеуді автоматтандыру процесі тағы ьір қиындық тудырады. АІ қателерді мамандардың түзетіп үлгермей жатып тезірек табуға қабілетті. Сондықтан қорғау жүйелеріндегі қателіктер мен кемшіліктерді іздеп табудан бұрын мұндай ағаттықтарға себеп болған ақаулардың алдын алудың маңызы зор.