Аэротакси сынақттан сәтті өтті (видео)
Аэротакси сынақттан сәтті өтті (видео)
2 жыл бұрын 1093 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Blade Air Mobility, Inc

АҚШ-тың Blade Air Mobility және BETA Technologies компаниялары ALIA-250 тігінен ұшатын электрлік ұшақтың алғашқы сынағының сәтті өткені туралы хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы globenewswire.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті жолаушыларды тасымалдауға арналған ALIA-250 толық электрлік VTOL қозғау жүйесімен және әдеттегі тікұшақтардың 1/10 шу профилімен жабдықталған. Ол алты (пилотты қоса алғанда) жолаушыға шақталған. Бұл құрылғының дизайны арктикалық құстың қабілетіне байлагысты алынған: шағала текті құс басқа құстарға қарағанда алысқа ұшады. Осыған байланысты ALIA-250 аэротаксиі бір ұшқанда 450-ден аса шақырым қашықтыққа дейін ұша алады. Ал оның қуатын қалпына келтіру үшін бар-жоғы бір сағатқа жетер-жетпес уақыт, дәлірегі, 50 минут қажет. Жолаушыларды ғана тасымалдайтын нұсқасынан бөлек көлемі 5,6 м болатын жүкті де тиісті жеріне жеткізеетін нұсқасы бар.

0 пікір
Мұрағат