Адамзаттың 90 пайызы аптап ыстық пен құрғақшылыққа бір мезгілде ұшырайды
|
Оксфорд университетінің ғалымдары жер шарындағы халықтың 90 пайыздан астамы қатты аптап ыстық пен құрғақшылықтың зардабын қатар көретінін анықтады. Nature Sustainability мерзімді басылымында жарияланған зерттеу нәтижесіне сәйкес бұл жайт өз кезегінде әлеуметтік теңсіздікті күшейтіп, атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуға ықпал етеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрғақшылық пен жылу толқыны (CDHW) комбинациясы адамның тұрақты дамуына қауіп төндіретін ең қатерлі климаттық стресс факторларының бірінен саналады. Дегенмен, CDHW негізінде жатқан физикалық тетіктер және олардың әлеуметтік ортаға тигізер әсері аз зерттелген. Ғаламдық жылынудың төтенше ыстық пен құрғақшылыққа қалай әсер ететінін болжау үшін зерттеушілер ауқымды 111 элементтен тұратын климаттық-гидрологиялық моделді пайдаланды. Атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың жоғары концентрациясы орын алса, 21 ғасырдың соңына қарай ауылшаруашылық экожүйелері мен әлеуметтік-экономикалық өнімділікке біркелкі теріс әсер ете отырып, экстремалды CDHW жиілігі бүкіл әлемде 10 есе артады. Ылғалдың жетіспеушілігі мен аптап ыстық жердегі экожүйелердің көміртегімен байланысын баяулатуға және оттегіні көбірек өндіруге ықпал етеді.