|
Адамзат суды қайта қалпына келетін деңгейден де жылдам тұтынуға көшкен
|
Бүгінде тұшшы су қорына қатысты жаһандыө мониторинг тек құрғақшылық жайлаған аймақтарда ғана емес, сонымен қатар, күллі әлемде жағдайдың қиындағанын көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы Твент университетінің (Нидерланды) осы бағыттағы зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күллі әлем бойынша тұшшы су қоры шапшаң таусылып барады. Су ресурстарының мониторингісі (Global Water Monitoring Report) жөніндегі баяндамада келтірілген деректер ауқымы кең: тұшшы судың ең көп бөлігі қандай қажеттілікке жұмсалатыны, жерасты суларының жай-күйі, т.б. қамтылған. Twente ғалымдарынан Олекс Мялик пен Хан Су суды тұтынудың жаһандық картасын жасады. Зерттеушілер мұндай нақты мониторинг әлі болмағанын алға тартып отыр. Баяндаманы әзірлегендердің бірі - Рик Хогебумның айтуынша, мұндай нақтылау немесе мониторинг бұрын жалпы бағалау кезінде байқалмайтын су шығынының жасырын ошақтарын анықтап берген. «Суды тұтыну жиырма жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 25% -ға артты», деді ол. Сондай-ақ, тұтынылатын судың мөлшері оның табиғи жолмен қалпына келу жылдамдығынан баяғыда асып кеткен. Су ресурсының шапшаң таусылуына халықаралық сауда-саттықтың тигізер әсері көп болып шықты. Суды тұтынудың шамамен төрттен бір бөлігі, яғни, ширегі жаһандық экономикамен байланысты. Мәселен, Пәкістанда өндірілетін мақтадан тоқылған жылы кеудеше Америка құрама штаттарында сатылады. Мақта суды көп тұтынатын сала. Ал Пәкістан қазіргі уақытта тұшшы су тапшылығын тартып отырған елдердің бірі. Бұл ахуал ғаламдық жеткізу тізбегіне (сауда-саттыққа, экономикалық байланысқа, т.б.) кері әсерін тигізеді. Баяндама авторлары әлі де болса ахуалды бақылауға алуға келетінін алға тартып отыр: ауыл шаруашылығында суару жүйесінің тиімсіздігінен су ресурстарын ысырап етуге жол бермеу керек (тамшылатып суару әдісі арқылы. Суарудың замануи технологиясын және жерді игерудің инновациялық әдістерін қолдану арқылы ждағдайды қалыпқа келтіруге болады.