Адамзат жердің ең маңызды циклін бұзды. Салдары қандай?
Адамзат жердің ең маңызды циклін бұзды. Салдары қандай?
1 жыл бұрын 1140 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Антропогендік факторларға байланысты ауа температурасы көтеріліп, биологиялық әр алуандылыққа қатер төнді, соның ішінде қоршаған ортадағы жағымсыз өзгерістердің біріне тұздың табиғи айналымының өзгерісін жатқызуға болады. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Геологиялық және гидрологиялық процестер барысында мұхиттардан құрлыққа тұздың «көшуі» тау-кен өндірісінен, ауыл шаруашылығын ұлғайтудан және қыста жолдарды тазарту үшін тұзды пайдалану есебінен жеделдеген. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, тұз цикліндегі бұл өзгерістер планетаның тұшшы су қорларына қауіп төндіруде. Жер қойнауынан атмосфераға дейін қамтитын тұз айналымының бұзылуынан шамамен 1,5 миллиард гектар топырақ тұз концентрациясының жоғарылауынан зардап шеккен. Тіпті, тұшшы су көздерінде де тұздың шоғырлану мөлшері қатерлі деңгейге жеткен. Бұл жайт өз кезегінде тұшшы су қорын азайтып, ғаламдық апатты жақындатады: ауызсу мен азық-түлік тапшылығынан бастап, флора мен фаунаның жойылуына да ықпал етпек. Бұдан бөлек, респираторлық аурулардың кеңінен таралуына да әсер етпек.

0 пікір
Мұрағат