Адамзат 2070 жылға дейін жер бетіндегі фаунаның жартысын жояды
Адамзат 2070 жылға дейін жер бетіндегі фаунаның жартысын жояды
24 күн бұрын 643 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жарты ғасырға жетпейтін уақытта адамзат немесе адам популяциясының көбеюінен жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы тарылады. Мичиган университетінің (Америка құрама штаттары) білікті мамандарының айтынша, ауыл шаруашылығын жүргізуге (егістік алқаптары мен жайылым) орман-тоғайды отау қарқын алады. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қорытындыға келуіне немесе осындай болжамға жол беруіне тек адамзат қарасының артуын ғана емес, сонымен қатар, бірнеше факторды басшылыққа алған екен: америкалық ғалымдар құрлық бойынша адамдардың ықтимал орналасу ретін, сондай-ақ, құрлықтағы қосмекенділердің, құстардың, сүтқоректілердің және бауырымен жорғалаушылардың 22 374 түрінің кеңістікте таралу бағытын біріктіретін индексті ойлап тапты. Аталмыш индекске сәйкес Африка мен Оңтүстік Американың орман-тоғайында биологиялық түрлер азаяды. Сондай-ақ, Үндістан мен Қытай қалаларында биоалауандылыққа қауіп төнеді, өйткені, бұл елдерде халықтың шамадан тыс саны тіркелген. Мәселен, сүтқоректілердің алуан түрі Оңтүстік Америкада 33%-ға, құстар 37%-ға азаяды. Дегенмен, адамның жабайы табиғатқа мұндай кері әсерін экологиялық және экономикалық жоспарды мейлінше рационалды құру арқылы болдырмауға болады.

0 пікір
Мұрағат