Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
2 сағат бұрын 37 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әр адамның болмыс-бітімі, мінез-құлқы, дүниетанымы, темпераменті, талғамы, т.б. қасиеттері әрқалай болып келеді. Тіпті, жағымсыз көрінген адамның басқа әрекеттерін былай қойғанда күлгенін көтере алмайтын адамдар болады. Жан-тәнімен жеккөретін адамдар жанында тұрудың өзі азапқа айналады. Бұдан бөлек, біреудің жуастығын, аңқаулығын пайдаланатын,ішітар, күншіл, айла-шарғыға бейім арам адамдар да олсын санатқа жатады. Міне, осындай “қолайсыз”адамдардың да қартайтатыны анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы әлемдегі ең беделді әрі таралымы көп “АҚШ ұлттық ғылым академиясының еңбегі”(PNAS) деп аталатын пәнаралық ғылыми мерзімді басылымға жарияланған зерттеу мақаласына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. “Қиын” адамдар денсаулыққа нақты қауіп төндіретіні алғаш рет ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр. Бұл бағыттағы зерттеу барысында «қиындықтар тудыратын» деп шартты түрде қысқаша берілетін анықтама әдетте адамның өзгелердің биологиялық тұрғыдан қартаю процесіне тигізетін ықтимал әсерімен өлшенді. Бұл тараптағы зерттеуге 2 мыңнан астам адам қатысқан екен. Соңғы 6 айда олардың әлеуметтік байланыстары тіркелді. Бұдан бөлек, ДНҚ-дағы өзгерістерін талдау үшін сілекей үлгілері алынды. Нәтижесінде әрбір жағымсыз адамнан «қартаю жылдамдығын 1,5% -ға артатыны» анықталды. Зерттеу барысында айналадағы адамдардың өмірінде шамамен 30% -да «кем дегенде бір қиын адам» бар екені анықталды. Мұндай “қиын” адамдар созылмалы стерске душар етеді. Ал стресс қартаю процесін тездететін факторлардың бірінен саналады.

0 пікір
Мұрағат