Адамның өтірік айтып тұрғанын анықтаудың оңай әрі тиімді әдісі айтылды
Адамның өтірік айтып тұрғанын анықтаудың оңай әрі тиімді әдісі айтылды
1 жыл бұрын 1100 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл бағыттағы таяуда жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қосымша бір тапсырманың өзі адамның өтірік айтып тұрғанын әшкерелеп береді. Бұл жайында islam.kz порталы iflscience.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Алдыңғы зерттеулер өтірік айту үшін болмаған жайтты ойдан құрастыратындықтан адамның миына кәдімгідей салмақ салатынын, сол себепті, айтарлықтай күш-жігерді қажет ететінін көрсетіп берген еді. Енді зерттеушілер өтірікті анықтаудың қарапайым және тиімді әдісін тапқан - адамнан қосымша тапсырма орындауды сұраңыз. Себебі, жалған әңгімелер ойлап табу айтарлықтай когнитивтік жігерді талап етеді, ал қосымша тапсырманы орындау адамды жоспарынан жаңылдырып, өтірік айтуына қиындық келтіреді. Дәлірегі, өтірік айтып тұрған адамның өзін алдауға болады – оның назарын басқаға бұру арқылы. Яғни, бірден екі тапсырманы (өтірік айту мен сұраушының тапсырған тақырыбында сөйлеу) орындауы қиынға соғады.

0 пікір
Мұрағат