Адамның жалғыздықтан жапа шегетін жас кезеңдері анықталды
Адамның жалғыздықтан жапа шегетін жас кезеңдері анықталды
6 жыл бұрын 3918 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары адамның жалғыздық тақсіретін қатты сезінетін жас кезеңдерін атады. Бұл жайында WebMD ақпарат көзі хабар таратты. Мамандар бұған қалай көз жеткізді? Алдымен 27-101 жастағы сауалнамаға қатысқандардың психологиялық күйіне назар аударып, талдау жасаған. Кім қандай ортада болса, мейлі ол жақындарының немесе дос-жарандарының арасында болса да жалғыздықтан жағаға шығып, қайраңдап қалған қайықтай сезінетіндерін жасырмады. Яғни, бұл тақсіреттен жанға жайлы өмір мен көңілді орта да құтқара алмайтынын ұққан. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, адам ғұмырының үш кезеңінде жалғыздық сезімі қатты иектейтіні анықталған. Атап айтқанда, 27-30, 56-60 жас аралығында және 80-нің сеңгіріне шыққаннан кейін жалғыздықтан жар ағалап кеткендей күшй кешеді. Ғалымдардың топшылауынша, алғашқы жас аралығындағылардың жалғыздықты сезінуіне өмірлік жолын таңдауы, өздерінің өмірін құрбы-құрдастырының жағдайымен салыстыруы арқылы өзін өгей сезінетін, қоғамнан оқшау қалғандай күй кешетіні себеп болса керек. Ал адам 55 жастан кейін денсаулығының сыр беруіне байланысты жалғыздық азабын тартады. Сексен жастан соң келетін жалғыздық сезімі көбіне жақын-жұрағатының өмірден озғанына байланысты болмақ.

0 пікір
Мұрағат