Адамдардың әрбір жетіншісі зиянды тағамдарға тәуелді болып қалған
Адамдардың әрбір жетіншісі зиянды тағамдарға тәуелді болып қалған
1 жыл бұрын 877 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар әлемнің 36 елінің бұл бағыттағы мәліметтерін талдай келе жер тұрғындарының, дәлірегі, ересектердің 14%-ның шектен тыс өңделгендіктен денсаулыққа зияны шаш-етектен тағамдарға тәуелді екенін анықтады. Ал бұл көрсеткіш балалар арасында 12%-ға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ультраөңдеуден өткен тағамдар құрамында жасанды хош иістендіргіш қоспалар мен бояулар, қоюландырушы заттар, эмульгатор кездеседі. Мұндай тағамдарға газдалған сусындардан бастап, шоколад, балмұздақ, чипс, фастфуд, құрғақтай дайын тағамдар кіреді. Құрамында көмірсулар мен май деңгейі жоғары мұндай тағамдар адамдарды өзіне тәуелді етіп, психикасына және жалпы денсаулығына кері әсерін тигізеді. Соның ішінде Мұндай тағамдарды тұтыну өз кезегінде никотин мен алкогол сияқты дофамин өндірісін қоздырады, яғни, организмде домафин химиялық затының көптеп пайда болуына ықпал етеді. Бұл жайт өз кезегінде тәуелді етеді.

0 пікір
Мұрағат