Адамдардың аптаның қай күндерінде көп дүние салатыны белгілі болды
Адамдардың аптаның қай күндерінде көп дүние салатыны белгілі болды
5 жыл бұрын 3390 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы ауруларды бақылау әрі алдын алу жөніндегі орталық (CDC) келтірген статистикалық мәлімет негізінде адам өлім-жітімінің жиілі мен себептерінің апта күндерімен байланысы бары анықталды. 

CDC деректерінің негізінде 39 млн-нан аса өлім-жітім тіркелген: 1999-2014 жылдар аралығында АҚШ аумағында көз жұмған адамдардың барлығы ескерілген. Livescience мамандары статистикалық мағлұматтарды сараптай келе адамдардың сенбі күні көп өлетінін анықтаған: 5,7 млн-нан аса өлім-жітім. Одан сәл аздау өлім-жітім жексенбіде тіркелген – 5,6 млн. Аптаның қалған күндеріне келсек, жүрек талмасынан көбінесе дүйсенбі мен сейсенбі күндері дүние салған: аптаның осы күндерінде, дәлірегі, дүйсенбіде 346 206 адам және сейсенбіде 333 918 адам бақилық болған. Ең қауіпсіз күн бейсенбі саналады, яғни, өлім-жітім салыстырмалы түрде аз тіркеледі - 333 180. Сенбіде жол-көлік апатынан болатын өлім-жітім көп тіркеледі (42 332). Сондай-ақ, аптаның осы күнінде кісі қолынан қаза табатындар қарасы көп болып шыққан - 31 816.

Жоғарыда аталған себептерден бөлек адамдар, сондай-ақ, өз-өзіне қол жұмсаудан, емі табылмаған қатерлі ісіктен, Альцгеймер ауруынан, сусамырдан, тұмау мен өкпенің қабынуынан, инсульттен, бүйрек дертінен жан тәсілім ететіндер қарасы көп. Өсімдік уынан немесе жануарлардың себебінен болатын өлім-жітім көрсеткіші төмен.

Есірткі қолданудан дүниеден озатындар қарасы да көбейіп келеді.

0 пікір
Мұрағат