Адамдарды биометриясыз аңдудың әдісі табылды
Адамдарды биометриясыз аңдудың әдісі табылды
3 ай бұрын 637 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейлік BPA Technologies компаниясы адамды биометрияны пайдаланбай, білдіртпей аңдуға немесе жасырын қадағалауға мүмкіндік беретін айрықша жүйе ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Мәскеудің кәсіпкерлік пен инновациялық даму департаментіне жөн сілтеген «Известия» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жүйе камераның арнайы белгісінің көмегімен кез келген адамды немесе қандай да бір нысанды бақылауға мүмкіндік бермек. Бұл тарапта ғалымдар көзге көрінбейтін арнайы бояуды пайдаланған. Адам көзіне байқалғанымен камералардың кей түріне көрінетін бояу қандай да бір затпен жанасқанда өшіп қалмайды және адам мен қоршаған ортаға қауіпсіз. Мысалы, осындай бояудың көмегімен белгілерді кез келген заттың киіміне немесе беткі жағына салуға болады. Оларды байқайтын камералар деректерді сараптамалық модулге автоматты түрде береді. Содан кейін алгоритмдер нақты уақыт режимінде цифрлық қозғалыс профилін жасайды. Яғни, нақты уақыт аралығында адамның қайда барғанын, не істегенін бақылауға мүмкіндік беретін цифрлы нұсқасы аңдуға көмектеседі. BPA Technologies өкілдері атап өткендей, бұл бірегей әдіс, тіпті, әлсіз жарықтың өзінде және нысандардың тығыздығы жоғары болғанда да жұмыс істейді. Компания мамандарының айтуынша, оны түрлі салаларда пайдалануға болады, соның ішінде қоймалардағы техниканы қадағалау немесе кеңселердегі заттар мен бұйымдарды автоматты түрде жинауда қолдануға болады. Аталмыш компанияның техникалық директоры Вадим Медяниктің сөзіне қарағанда, өзгеше технологияның артықшылығы немесе жасырын ерекшелігі – биометрияны немесе адамның жеке басының мәліметтерін қажет етпейді. Мониторингтік бұл жүйені заңсыз деп тануға келмейді: неге десеңіз, сарапшылардың пікірінше, трекинг жүйелер деректері иесіз (жеке бас мәліметтері мен биометрияның жоқтығы) технологияларды реттемейтін талаптар тізбегіне кірмейді. Десе де бұл жүйенің де кем-кетігі толып жатыр.  Көзге көрінбейтін бояумен белгі салынған киімді аңдудағы адам басқа біреуге кие тұруға юеруі мүмкін, міне, сол кезде нысанаға алынған тұлға емес, басқа біреуді қадалауға тура келеді. Бұған қоса, жасырын белгіні танып, жасандысымен алмастыруы мүмкін. Сондай-ақ, трекинг мәліметтері жария болуы ықтимал.

0 пікір
Мұрағат