Адам тәнін «жейтін» ықтимал пандемия Австралиядан басталуы мүмкін
Адам тәнін «жейтін» ықтимал пандемия Австралиядан басталуы мүмкін
4 жыл бұрын 2573 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлемде тәжді тажал жұқпалы індеті бет қаратпай өршіп тұрған 2020 жылдың сәуір айында Австралия азаматы Мельбурн қаласындағы емханада тобығында пайда болған жарасына байланысты медициналық тексеруден өтеді. Дәрігерлер оған «дерматит» (тері ауруы) деген диагноз қояды. Алайда, ем-домға бой бермей уақыт озған сайын жара тереңдей түседі. Міне, сол кезде дәрігерлер оған «Бурули ойық жарасы» деген диагнозды дәл қояды. Бұл жайында islam.kz порталы мысырлық Sasapost ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сонымен... аталған ауру туралы не білеміз? Ештеңе, бұл дерт туралы сіз де, біз де бірінші рет естіп тұрмыз, ал мысырлық ақпарат көзінің жазуынша, Бурули ойық жарасы — тері мен кейде сүйекті зақымдайтын созылмалы ауру. Асқынған жағдайда тері мен сүйекті танымастай өзгертеді. Қатты асқынса, отаға да бой бермейді, Бурули ойық жарасы жайлаған жер салдырап, жансызданып қалады. Әдетте аталған дерттің басталғаны білінбейді, яғни, бұл дертке шалдыққан адам сезбей қалады, өйткені, ол ауырмайтын ісіктің пайда болуынан басталады. Көбіне аяқта, қолда, кейде адам бетінде ісік түрінде пайда болады; ісік уақыт өткен сайын ұлғая береді, алайда, адам ауырсынбайды, ақыр соңында теріні «жеп» біткенше адам елемеуі мүмкін. Бурули ойық жарасына Mycobacterium ulcerans микробактериясы себеп болады. Бұл микроорганизм алапес пен туберкулезге шалдықтыратын бактериялар тобына жатады. Mycobacterium ulcerans бактериясы теріні жаралап, сүйекке дейін жететін химиялық улы зат бөле алады. Ол ол ма, ол иммундық жүйенің белсенділігін басып тастайды. Аталмыш микроорганизм 29-39 ° C температурада өсіп-өнеді. Міне, Австралиядан бой көрсетуінің бірі сыры – аталған елдегі температура осы аралықта болады. Австралиядан бөлек, әлемнің 33 тропикалық және ауа температурасы осы межеден асатын тропикалық емес аймақтарында тіркелген. Десе де мынадай сауал туындайды: Mycobacterium ulcerans бактериясы адамға қалай жұғады? Ғалымдар бұл сауалға нақты бір жауап бере қойған жоқ. Десе де ғылыми зерттеулердің нәтиесі мен сараптамасына байланысты мынадай гипотезаны алға тартып отыр: Mycobacterium ulcerans бактериясы ең алдымен opossum-ға (Солтүстік және Оңтүстік Америкада тіршілік ететін егеуқұйрық) жұғады, оның организімінде көбейіп, қоршаған ортаға тап болады. Сосын оны масалар таратады, дәлірегі, адамды шағу арқылы таратады. Алайда, тағы бір мәрте ескерте кетеміз: бұл айтылғандар тек гипотеза, яғни, толық дәлелденбеген. Бір ғана айғақ бар: ол - Mycobacterium ulcerans бактериясының опоссумның нәжісінен табылғандығы. Оның үстіне, жоғары біз сөз еткен науқастың бойынан дерттің белгісі шықпай тұрып, оппосум тіршілік еткен ағашты кескені де ғалымдардың бұл гипотезасының белгілі бір деңгейде шындыққа жанасатындығын көрсетіп бергендей. Бурули ойық жарасына қарсы екпе жоқ, тіпті, қандай да бір дәрі де жоғын айта кету керек. Мәселен, тәжді тажал вирусына қарсы Mycobacterium  тобына жататын бактерияға қарсы қолданылатын антибиотиктің белгілі бір түрлерін қолданып жатқаны секілді, аталған дертке шалдыққандарды да аурудың бетін қайтаруы мүмкін-ау деген рифампицинді, кларитромицинді қолданып жүр. Бурули ойық жарасы әлемде қаншалықты таралған? Яғни, таралу аумағы қандай? Негізінде бұл дерт, жоғарыда айтып өткеніміздей, тропикалық аймақтар қылаң беріп қалатын, алайда, бүгінде ұмытылған жұқпалы індет, халықаралық медициналық және денсаулық сақтау ұйымдары жете назар аудара қоймаған дерт. XIX ғасырда Угандада бір бой көрсетіп, жоғалып кеткен болатын. Өткен жылы Австралияда қылаң берді. Жыл сайын шамамен 3000 адам осы дертке шалдығып жатады. Мәселен, 2010 жылы Бурули ойық жарасы 5 мыңға тарта адамның бойынан байқалған екен, содан 2016 жылы бұл дертке 1961 адам шалдықты. Ал 2018 жылы 2713 адамның бойынан көрініс берді. Оның бір көтеріліп, бір басылып отыруының сыры да белгісіз күйінде қалып қойды. Австралияның Виктория штаты тропикалық климатты болып келеді. 2014 жылы 65 адам аталған дерттен зардап шеккен екен, 2019 жылы 299 адам, 2020 жылы 218 науқас тіркелген.

Адам тәнін «жейтін» ықтимал пандемия Австралиядан басталуы мүмкін

Лечение трофических язв на ноге: фото, симптомы, процесс лечения, препараты

Ұқсас материал:

«Келесі, ықтимал, жойқын пандемияның ең қатерлі тұсы неде» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-yqtimal-joiqyn-pandemiyanyn-en-qaterli-tusy-nede-14751/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат