Адам табанының ерекшелігін көшіретін протез жасалды (видео)
Адам табанының ерекшелігін көшіретін протез жасалды (видео)
3 ай бұрын 597 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Аяқ протезінің басым көпшілігі толығымен қатты болып келеді, яғни, кигенге жайсыз немесе қозғалу мүмкіндігі шектеулі. Осы олқылықты ескерген Италияның технологиялық институтының (IIT) инженерлер тобы әзірлеген SoftFoot Pro протезінің прототипі бұл кемшіліктерді мейлінше азайтқан - ол өте ықшам, салмағы 450 грамм тартады, 100 келіге дейінгі жүкті көтеруге мүмкіндік береді және қуат көзін қажет етпейді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім еттеді. SoftFoot Pro құрылғысы бір-бірімен қосылған немесе жалғанған аса берік пластикалық сегменттердің бес тізбегінен тұрады. Алдыңғы сегменттер бармақтардың фалангтары іспетті, ал артқы сегменттер метатарсалды сүйек қызметін атқарады. Әрбір тізбектің құрамдас бөліктері көлденең серпімді элементтермен өзара байланысқан, ал тізбектің ішінде құрылымдық беріктігі титан өкшесіне бекітілген болат кабелмен қамтамасыз етіледі. Бүкіл жүйенің бастапқы жақтауы, яғни, каркасы  титаннан жасалған доға тәрізді механизмнен тұрады. Оның бір ұшы фалангтардың негізіне, ал екіншісі өкшеге жалғанған. Бұл құрылым бармақ фалангтары мен өкшесін табан доғасына қарай бүгуге мүмкіндік береді - негізінен адам табанының фассиясы сияқты бірдей функцияны орындайды. SoftFoot Pro  протезі әр қадамның соңында бармақты бүгу кезінде энергияны сақтап, келесі қадам алдында аяқты жерден көтерген кезде  босатады. Артқа шегінгенде икемді құрылым өзіне түскен салмақтың 10-нан 50% -на дейін сіңіреді

0 пікір
Мұрағат