Адам өмір сүре алатын ең жоғары температура аталды
Адам өмір сүре алатын ең жоғары температура аталды
1 жыл бұрын 4180 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар күн неғұрлым ысыған сайын метаболизмнің (зат алмасы процесінің) соғұрлым артатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Newroscience News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар жаһандық жылынудың қарқын алуына байланысты адамның қаншалықты ыстық температураға дейін төтеп бере алатынын зерттеп көрген екен. Бұл тарапта британ ғалымдары адамның Целсия бойынша 40-50 градус аралығында өмір сүре алатынын анықтады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Целсия бойынша 40+ градус температурасында зат алмасу орта есеппен 35 пайызға, ал 50+ және одан жоғары ылғалдылықта 50 пайызға артатынын анықтап білді. Мұндай температурада организмнің бейімделу мүмкіндіктері шегіне жетеді. Аталмыш жаңалық, яғни, адам организімінің ыстыққа төзу шегін білу өз кезегінде адамның медицинадағы, спорттағы, еңбек етудегі жағдайын белгілеуде маңызды рөл атқармақ. Бұрын ғалымдар мұндай тәжірибені түрлі жануарға қолданып көргенімен адамға қатысты зерттеуді енді жүргізіп отыр.

0 пікір
Мұрағат