Адам мінезінің оның ғұмырының ұзақтығына әсерін тигізетіні анықталды
Адам мінезінің оның ғұмырының ұзақтығына әсерін тигізетіні анықталды
1 ай бұрын 1344 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

75т жылғы созылған тәжірибе нәтіижесінде адам ғұмырының ұзақтығы мен адам мінез-құлқының арасында байланыс бары анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы "Psychological Science" мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзаттың басты мақсаттарының біріне ғұмыр жасын ұзарту жатады. Таяуда қорытындысы шығарылған зерттеуде адам мінезінің ғұмырды ұзартуда маңызды рөл ойнайтыны белгілі болды. Ғалымдар ұзақ ғұмыр сүруге ықпал ететін негізгі мінез түрлерін атады: ерлер арасында ашық-жарқын әрі жаңалыққа құмар жандардың ұзақ өмір сүретіні анықталған, ал әйелдер арасында эмоциясы тұрақты әрі айналасындағыларға жайлы жандардың ұзақ жасау ықтималдылығы жоғары болып шықты. Айрықша зерттеуге жетекшілік еткен Жошуа Жексон есімді ғалымның айтуынша, мұндай мінездер адамның денсаулығына оң әсерін тизеді. Сондай-ақ, ол ашық-жарқын ер-азаматтар арасында денсаулыққа жат әдеттерден (шылым шегу, ішімдік тұтыну, т.б.) аулақ жүретіндер қарасының көп болатынын алға тартты. Бұл жаңалық өз кезегінде тұлғаға қатысты ақпараттың персоналды медицинаның дамуына ықпал ететінін көрсетіп берді. Мінез тек адамның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып қоймай, сонымен қатар, оның денсаулығына да ықпал ететін маңызды фактор ретінде алға шығады.

0 пікір
Мұрағат