|
Адам жасанды жарықтан да семіреді екен
|
Қытайдың шығысында орын тепкен Шыңжан провинциясының ғалымдары қосылу тұрған жарықтан да адамның семіретіні туралы қорытындыға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы жергілікті "Нинбо ваньбао" мерзімді басылымына жөн сілтеген бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғалымдарының мұндай тұжырымға келуіне Нинбо қаласындағы бойжеткеннің 100 келіге дейін толы, артық салмақтан зардап шеккені түрткі болған. Қытайдың ел тұрғындарының тамақтану және созылмалы аурулары жөніндегі 2020 жылы жасалған баяндамада қытай бойжеткендерінің орташа салмағы 59 келіден аспайтыны туралы дерек келтірілген. Ал Нинбо бойжеткені бұл көрсеткіштен бірнеше есе асып кеткен. Бір қызығы, мамандар бойжеткеннің салмағы тоқтаусыз өскеніне назар аударған. Артынан анықталғандай, бойжеткен жарықты қосып қойып ұйықтайтын әдеттен артық салмақ қосқан. Бұған қоса, қаұ құрамында қанттың деңгейі мен қан қысымы жоғары болған. Ұйқы кезінде жұмулы қабағынан өткен жарықтан көз торының фоторецепторлық жасушалары оның дұрыс ұйықтауына кедергі келтірген, дәлірегі, ұйқының табиғи ырғағы бұзылған, салдары – организмнің зат алмасу процесінде ауытқу орын алған. Бұған қоса, жасанды жарық организмнің глюкозаны сіңіру қабілеті төмендеген, ал тоқшылық сезіміне жауапты лептин мен тәбетті ашатын грелин арасындаңы тепе-теңдік бұзылған. Осы орайда сарапшылардың түнгі уақыттағы ұдайы жарықтың мелатонин секрециясына кері әсер ететінін алға тартып отырғанын айта кетпекпіз. Нинбо қаласындағы университеттік “Каннин” емханасының ұйқы медицинасы бөлімі жетекшісінің орынбасары Шен Тианмин жарықты қосып ұйықтау әдеті сөзсіз семіздікке бастайтынын растады.