Адам емес тіршілік иесі де төлқұжат алуы керек (фото)
Адам емес тіршілік иесі де төлқұжат алуы керек (фото)
7 жыл бұрын 3677 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясында сұңқармен аң аулау, құс қағу саятшылдығының танымалдалығы соншалықты, бұдан былай ел билігінің пәрмені бойынша сұңқардың да өз төлқұжаты болуы керек. Яғни, сұңқар ұстап, құс баптағандар ендігі жерде оның төлқұжатын алуға міндеттелді. Жыртқыш құстың төлқұжатының адамның жеке басын куәландыратын құжаттан еш айырмасы жоқ десе де болады. Ал төлқұжат алуы үшін алдымен құсты ханзада Фархад бин Сұлтан атындағы сұңқар орталығында медициналық диспансерден өтуі тиіс. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Медициналық тексеруден өткен соң Саудияның жабайы табиғат жөніндегі басқармасында құстың қожайынына төлқұжаттың көшірмесі, медициналық сертификаты, жекеменшік ету куәлігі және сұңқарының төлқұжаты беріледі. Апта ішінде жыртқыш құс туралы ақпарат қамтылған сәйкестендірілген микрочип сұңқарға таңылады, ал қожайынына төлқұжаты табыс етіледі. Онда сұңқардың аты, қандай түрге жататыны және туған күні қамтылған. Айта кетейік, 2017 жылы, яғни, биылдың өзінде ел аумағында 4942 сұңқар төлқұжатқа ие болған. 

 

0 пікір
Мұрағат