Адам аптасына орта есеппен 5 грамм пластик жейді – зерттеу
Адам аптасына орта есеппен 5 грамм пластик жейді – зерттеу
3 жыл бұрын 2583 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адам аптасына орта есеппен 5 грамм пластик жейді. Яғни, бір несие картасының салмағындай пластикті жейтін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Naked Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зиянды бөлшектер адам организіміне сумен, тағаммен, тазалық құралдарымен бірге енеді. Мәселен, адам күн сайын пластик шөлмектен 1,5-2 литр су ішеді, бір жыл ішінде оның организіміне микропластиктің шамамен 90 мың бөлшегі енеді. Шүмектен су ішсе, бұл көрсеткішті екі есеге азайтуға болатынын алға тартып отыр сарапшылар. Микропластик асқазан-ішек трактісі арқылы еніп ішек микробиомын алмастырады. Осының кесірінен зат алмасу процесі бұзылады, мұның арты артық салмақтың жиналуына, бауыр ауруының пайда болуына апарып соқтырады әрі сусамыр дертіне шалдықтырады. Микропластик, бұрын да сайтымыздың жаңалықтар таспасында жазғанымыздай, адамның қаны мен миынан, өкпесінен, т.б. ағзаларынан табылған болатын. Микропластиктен құтылу үшін микротолқында пешке тағамды пластик контейнерге салып ысытпау керек, пластик құтыдағы суды пайдаланбау керек, пакет шайдан бас тарту керек, пластик заттар мен жиһаздарды үйге жолатпау керек, т.б.

0 пікір
Мұрағат