81 жастағы зейткер Зейнеб әжей немесе ғылым кандидаты көше сыпырып жүр. Неге?
|
Биыл 81 жасқа келген Зейнаб Мукаллед есімді ливандық қарт әжей биліктің қандай да бір міндеттің үддесінен шыға алмаса, онда азаматтардың белсенділігі көмекке келіп, билік ала алмаған асуды бағындырып бере алатынын дәлелдеді. Өз ісімен. Біздің кейіпкеріміз Ливан билігінің бас ауруына айналған тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жоюға саналы өмірін сарп еткен санаулы жан. Өзі тұрып жатқан төңіректі таза ұстау үшін белсенді әйелдерден арнайы бригада құрып, қоқыстан қалай тазалау керектігін көрсетті. Ол бірде қоқыстан аяқ алып жүргісіз аймақты тазартуға губернатордың алдына көмек сұрап барған болатын. "Мұнда не шаруаңыз бар? Бұл жер сізге Париж бе",- деп кекесінмен меселін бетін қайтарған болатын. Губернатордан көңілі қалған Зейнеб содан бері ешкімге жалынып-жалбарынбай өз өңірінің экологиялық ахуалын жақсартуға бел шеше кіріседі. Құрбысы Хадиша Фарқат та қалтасындағы қаржысына жүк машинасын сатып алады. осылайша екеуі өз күш-жігерімен, өз қаражатымен қоқыстан тазарту жұмыстарын атқарып келеді. Ауыл тұрғындары оларға бір тиын ұстатқан да емес еңбектерін елеп.
Айта кету керек, Зейнеб әжей 70 жасында араб тарихы мен мәдениетінен кандидаттық диссертация қорғаған ізденімпаз жан. Қарттығына қарамастан әлі күнге дейін жерлестерін қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырып келеді.