50 жас шамасындағылар ұйықтап жатып сөйлесе...
50 жас шамасындағылар ұйықтап жатып сөйлесе...
1 жыл бұрын 1181 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Көбінесе бұрын психикалық қатты жарақат алғаннан, яғни, жаны күйзелгеннен адамдар ұйықтап жатып сөйлейді немесе айқайлайды, деген гипотеза үстем болып келген еді. Бұл – ғалымдардың пікірі. Бұл жайында islam.kz порталы HuffPost ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал ғалымдар ұйықтап жатып сөйлеуден қауіптенудің қажеті жоғын айтады. Халықаралық ұйқы жіктемесіне сәйкес ұйықтап жатып сөйлеуін адамның сол сәттегі немесе таяудағы жағымсыз жайттан хабар бермейді немесе қандай бір естеліктен сөйлемейді. Ғалымдардың пікірінше, жұмысыңыздағы сәтсіздіктің немесе отбасындағы ұрыс-керіс пен жанжалдың себебінен адам ұйқыда жатып сөйлемейді. Дегенмен, адамның жасы бұл арада маңызды рөл ойнайтынын алға тартып отыр: егер сіз өмір бойы ұйықтап жатып сөйлесеңіз, одан қауіптенудің қажеті жоқ, бұл – қалыпты құбылыс. Мұндай құбылыс жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында кеңінен тараған – 3-10 жас аралығындағы балалардың шамамен 50%-ы ұйықтап жатып сөйлейді. Сондай-ақ, 20-30 жастағылар да мұндай құбылыстан айналып өте алмайды. Ал егер жасыңыз елуді еңсерсе, бұрын ұйықтап жатып сөйлеуді «әдетке» айналдырмасаңыз, онда бұл Паркинсон немесе деменция (алжу) секілді нейродегенеретивті аурулардың нышаны немесе белгісі болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат