3D-принтерінде басып шығарылған ақсерке еті саудаға шығарылды (видео)
3D-принтерінде басып шығарылған ақсерке еті саудаға шығарылды (видео)
1 жыл бұрын 1387 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Revo Foods стартапының 3D-принтерінде басылып шаққан ақсерке балығының вегандық қылтанақсыз еті Австрияның дүкен сөрелерінде сатыла бастады. Бұл өнім 3D-принтерінде басылып, саудаға шығарылған алғашқы азық. Бұл жайында islam.kz порталы revo-foods_1.prowly.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Вегетариандық «ақсерке еті» жіп тәрізді саңырауқұлақтардан алынған микопротеин негізінде жасалады. Атталмыш компания өнімнің құрылымы мен дәмі табиғи теңіз өнімінен кем түспейтінін алға тартып отыр. Оның құрамында ақуыз бен омега-3 май қышқылының көп мөлшері кездеседі. 3D басып шығарылған балықтың дәмі, құрылымы және тағамдық құндылығы теңіздегі өнімнен кем түспесе де холестерин мөлшері төмен әрі нағыз балықта кездесетін ластаушы заттардан ада. Revo Foods ерекше қабыршақтығы мен шырынды талшығы бар ақсерке етін алмастырғыштарын шығаратын инновациялық экструзия процесін әзірледі. Патенттелген 3D-MassFormerTM технологиясы өнімдерді жаппай тарату үшін көп мөлшерде басып шығаруға мүмкіндік береді. 3D балық басып шығарудың мақсаты - әдеттегі балық аулау және акваөсіру әдістерін экологиялық таза нұсқасымен ауыстыруға саяды. Көптеген балық түрлеріне шамадан тыс аулау салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр. Жаңа технология қоршаған ортаға зиянын тигізбейді және тұтынушыларды қоректік заттары жоғары оңтайландырылған өнімдермен қамтамасыз етеді

0 пікір
Мұрағат