30 жылдан соң адамзат қарасы азая бастайды (конспирологиялық болжам)
30 жылдан соң адамзат қарасы азая бастайды (конспирологиялық болжам)
5 жыл бұрын 3263 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде әлем тұрғындарының саны 7,7 млр-тан асады. Биологтар мен әлеуметтанушылар бұл көрсеткіш 2050 жылға қарай 9 млрд-қа жететінін алға тартып отыр. Алайда, саясаттанушы Даррелл Брикер мен тілші Джон Иббитсон ғалымдардың бұл болжамымен келіспейді. Олар биологтар мен әлеуметтанушыларға қарсы өздерінің гипотезаларын дәйек ретінде алға тартып отыр: саясаттанушы мен тілшінің сөзіне қарағанда, енді бір 30 жылдан соң адамзат қарасы кеми бастайды әрі бұл процесті тоқтату мүмкін болмайды. Бұл жайында авторлар өздерінің өткен жылдың ақпан айында жарық көрген «Адамсыз планета» деп аталатын кітаптарында айтып өткен. Бұл арада Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы туу, өлім-жітім көрсеткіштеріне және көші-қонға негізделгенін жеткізді Даррелл Брикер мен Джон Иббитсон Wired ақпарат көзіне берген сұхбатында. Десе де олардың айтуынша, ең маңызды екі фактор ескерусіз қалғанын да тілге тиек етті. Сұхбат барысында. Атап айтқанда, әйелдердің білім деңгейі мен урбанизация динамикасы. Аталған екі фактор бүгінгі таңда Африка құрлығының тұрғындарына үлкен әсерін тигізуде. «Адамсыз жер» кітабының авторлары келтірген мәлімет бойынша 2100 жылға қарай адамзат қарасы 8 млрд-қа дейін азаяды. Демографтар мен әлеуметтанушылар болжап жүргендей, 11 млрд-қа артпайды. Өйткені, әлемнің көптеген елдері ұрпақ өрбітуде 1-2 баламен шектелетін моделге көшеді. Оның өзіндік себептері бар. Бұл – өз алдына бөлек тақырып.

0 пікір
Мұрағат