28 млн адамның күнкөрісі көзіне айналған әлемдегі ең лас өзен қалай тазартылды (фото+видео)
|
Индонезиядағы батыс Ява тұрғындарының күнкөріс көзіне айналған Читарум өзені әлемдегі ең лас су болатын. Оның жағалауын мекен еткен 5 млн адамның өмірі мен денсаулығына қатер төнген еді. Бұл өзен аталған аймақтағы ең ірі су күретамыры болатын. Читарум өзені 28 млн адамның күнкөріс көзі болатын.
Бандунг және Чимахи қалаларындағы тоқыма зауыттары аталмыш өзенді ластап келген еді улы қалдықтарын төгіп. Ал тұтастай алғанда бұл өзенді 2000-нан аса кәсіпорын сынаппен, қорғасынмен, мышьякпен және өзге де улы заттармен ластап келген болатын. Өзендегі қорғасын деңгейі ішуге рұқсат етілген деңгейден 1000 есе асып кеткен болатын. Бұл өзенде осы улы заттардан балықтардың 60 пайызынан астамы қырылып қалған еді.
Тіпті, бұл өзеннің суы суармалы ауыл шаруашылығына да жарамсыз болы, нәтижесінде фермерлер өздерінің шаруашылығын жүргізуден қалған еді. Шаруашылығын, яғни, фермасын жарты бағасына да өткізе алмай пұшайман болды.
Өзен бетін жауып тастаған қоқыстан адамдар кәдеге жарайтындарын іріктеп алып, тиын-тебенге қайта өңдеуге сатты.
2008 жылдан кейін жағдай өзгерді. Дәлірегі, Азия даму банкі өзенді тазарту жұмыстарына 500 млн доллар қаражат бөлді. Осыдан екі жыл бұрын оны тазарту жұмыстары қолға алынды. Бұл тазарту жұмыстары 2020 жылға дейін толастамайды.
Қазіргі уақытта өзен көрер көзге таза болғанымен оның химиялық құрамы тіршілікке жарамсыз.