2050 жылы әрбір екінші адам көзілдірік тағатын болады
2050 жылы әрбір екінші адам көзілдірік тағатын болады
6 жыл бұрын 5300 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті
Әлем елдерінің көру қабілетінің кему динамикасын талдаған ғалымдар 2050 жылға дейін жер тұрғындарының әрбір екіншісінің көзілдірік тағатынын айтып, дабыл қағып отыр. Яғни, адамзаттың қақ жартысы көзәйнектің көмегіне зәру болады екен. Австралияның Жаңа Уэльс университетінің және Сингапурдегі көзді зерттеу институтының мамандары бұл бағытта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесімен бөлісті. Ғалымдардың тұжырымы бойынша 2000 жылы жер тұрғындарының шамамен 23% (1,406 миллиард адам) көзінің дұрсы көрмеуінен (миопиядан: 0,50 диоптриге дейін және одан да төмен көздің көру қабілетінің нашарлауынан) зардап шеккен. Олардың 2,7%-ы (163 миллион адам) оның ең ауыр түрінен (-5,00 диоптриге дейін және одан төмен) азап тартқан. Ғалымдар мұндай тұжырымға 1995-2010 жылдар аралығында жүргізілген 145 түрлі зерттеу нәтижесіне жасалған метаталдау негізінде келген. Мамандар зерттеу барысында әлемнің әр түкпірінен ауылдық жерде және қалалық жерде тұратын 2,1 млн адамның көру қабілетін тексеріп көрген. Ғалымдардың айтуынша, 2050 жылға қарай 4,758 миллиард адамның мопиядан зардап шегетін болады. Олардың қарасын адамзат санына шаққанда 49,8%-ды құрайтын болады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, 2050 жылға қарай адамзаттың саны 9 725 147 994 адамға жетеді. Бұл мерзімде мопияның ең ауыр түрінен 938 млн адам азап тартатын болмақ. Мәселен, бір ғана АҚШ-тың өзінде 2000 жылы шамамен 90 млн адамның көзі алыстан көрмесе, 2050 жылы олардың қарасы 260 млн-ға жетпек. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, адамның көру қабілетінің нашарлауына ең алдымен экологиялық факторлар мен өмір сүру салты кері әсерін тигізуде. Адамдардың дені көп уақытын теледидар немесе компьютер алдында өткізеді. 
0 пікір
Мұрағат