2030 жылға дейін адамзат аса қауіпті аурулардың бірінен біржола құтылуы мүмкін
2030 жылға дейін адамзат аса қауіпті аурулардың бірінен біржола құтылуы мүмкін
2 жыл бұрын 1650 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2030 жылға қарай ғылыми тілде африкалық трипаносомоз деп аталатын «ұйқы ауруын» жоюды алдына міндет етіп қойды. Осыған байланысты аса қауіпті аурулар санатына жатқызылған аталмыш дерттен адамзат аз жыл ішінде түбегейлі құтылуы мүмкін. Бұлай деуімізге, ғалымдардың тиімділігі 95 пайызды құраған дәрісі себеп болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Who ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы аталған дәрі клиникалық жан-жақты сынақтан сәтті өткен еді. Оны тек бір мәрте ғана қолданады. Адам организіміне енетін паразиттердің тасымалдаушысы - цеце шыбыны. Қауіпті жәндік шаққан кезде Trypanosoma қанға еніп, ауруды қоздырады, алайда, оның белгісі бірден білінбеуі мүмкін, өйткені, паразит организмге шабуыл жасайтын қолайлы кезді тосады. Симптомдар пайда болмайды, десе де паразит миға енуі үшін қолайлы сәтті айлап, тіпті,  жылдап күтеді. Аталмыш паразит организмге бір енсе, жүйке тініне орнығып, конгнитивтік ауытқуға ұшыратады. Пациент бойында түрлі симптомдар көрініс береді. Тіпті, адамға әрнәрсе елестеуі де мүмкін. Соңғы сатысында адам өзін бақылаудан немесе өз-өін ұстаудан қалады. Мұндай жағдайда төңірегіне немесе айналасына қауіп төндіреді. Көбінесе бұл аурудан зардап шегетіндер бақилық болып жатады. «Ұйқы ауру» деп аталуының өзінен оның жүйке ауруы екенін білдіреді: тек конгнитивті қабілеті бұзылмайды, сонымен бірге, ұйқысыздықтан зардап шегеді. Ғалымдар паразиттің организмнің барлық «қорғаныс қабатынан» қалай өтіп, миға қалай енетінін білмейді, алайда, бір кірген паразиті организмнен шығару өте қиын. Мұндай қатерлі дерт Африка құрлығы мен Конго Демократиялық Республикасында көптеп тіркелген, өйткені, бұл аймақта цеце шыбыны жиі кездеседі. Емдеуде дәрігерлер, әдетте, инъекцияларды қолданды, алайда, одан емделу мүмкіндігі 50 пайыздан аспайды.

0 пікір
Мұрағат