2021 жылы жасанды жүрек саудаға шығарылады
2021 жылы жасанды жүрек саудаға шығарылады
4 жыл бұрын 5064 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Француздардың Carmat компаниясы тарихта тұңғыш рет жасанды жүректі Еуропада сатуға тиісті құзырлы орындардан рұқсат алды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды жүрек жүрек доноры тапшылығын жоюға көмектеседі. Жасанды жүрек жүрек ақауының соңғы сатысынан зардап шегетін науқасқа салынады.  Portzamparc сарапшысы Мұхаммед Каабунидің есебінше, жасанды жүректі сатудан түсетін табыс Еуропада 2030 жылға қарай 700 млн еуроға етуі мүмкін. Осы жаңалықтың себебінен Carmat компаниясының акциясы 46,6%-ға шарықтап кетті. Осы орайда жасанды жүрек жасау жұмыстары осыдан 27 жыл бұрын басталғанын айта кету керек. 1993 жылы кардиохирург Ален Карпентье француз кәсіпкері, дәлірегі,  аэроғарыштық құрал-жабдық құрастыратын Matra компаниясының қожайыны Жан-Люк Лагардерге ұсыныс айтып, бірнеше зертхана мен инженерді аталмыш жобаға жұмылдырған болатын. Жасанды жүрек нарықта 2021 жылдың екінші жартысында пайда болады.

0 пікір
Мұрағат