|
Зымыран мен зеңбірек және радар бір платформада: Түркия жаңа әуе қорғаныс жүйесін сынақтан сәтті өткізді (видео)
|
Түркия зымыран мен артиллерияны ұштастыратын, GÜRZ деп аталатын жаңа мобилді (ықшам) әуеқорғаныс жүйесін пайдалануға көшті. Бұл жайында islam.kz порталы savunmasanayist.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия «Гүрзі» әуе шабуылына қарсы қорғаныстың жаңа мобилді жүйесінің атыс сынақтарын аяқтады, содан кейін кешен жедел режимге көшті. Aselsan түрік компаниясы құрастырған жүйе зымыран және артиллериялық қару-жарақты бір тұғырнамада біріктіреді және әскерлер мен маңызды объектілерді әртүрлі әуе қатерлерінен қорғауға арналған. Аталған компания өкілдері хабарлағандай, әскери сынақтар сәтті өтті. Тексеру барысында жүйе нысаналарды табу және жою кезінде жоғары тиімділікті көрсетті. Кешенде орнатылған радар, оптикалық бақылау құралдары және байланыс жүйелері мәлімделген сипаттамаларды растады. Сынақтар кезінде «Гоксор» зымыран-тосқауылының жұмысына ерекше назар аударылды. Ол күрделі маневрлерді орындап, берілген траектория бойынша тапсырма үддесінен шықты. «Гүрзі» - бір мезгілде бірнеше жою құралдарын пайдалануға қабілетті әрекет ету радиусы жақын жүйе. Қару-жарақтың құрамына 35 мм «Қорқыт» артиллериялық қондырғысы, сондай-ақ, «Сунгор» төрт зымыраны және «Гоксор» төрт зымыраны бар ұшыру қондырғылары кіреді. Мұндай үйлесім кешенге ұстап алудың қолайлы нұсқасын пайдалана отырып, әуе нысандарының әр түрін табуға әрі жоюға мүмкіндік береді. Aselsan жаңа жүйе әуе қауіптерінен қорғаудың әмбебап құралы болуы тиіс, деп мәлімдеген болатын. Компанияда атап өткендей, кешен бір мобилді жауынгерлік платформаны пайдалана отырып, жақын маңдағы әуе шабуылына қарсы қорғанысты қамтамасыз етуге қабілетті.