Зорлық-зомбылықтан өлім-жітім азайып келеді
Зорлық-зомбылықтан өлім-жітім азайып келеді
2 сағат бұрын 37 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл үрдіс барлық құрлықтан, барлық аймақтанбайқалып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Vox.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта арнайы жүргізілген соңғы әрі ауқымды зерттеулер мен сараптама нәтижеесі көрсеткендей, бүгінгі таңда әлемде адам басына шаққандағы қасақана өлтіру саны 20 ғасырдың көп бөлігімен салыстырғанда көп төмендеген. Vox.com дерегіне қарағанда, 2023 жылы 100 000 адамға шамамен 5,2 адам өлтіру дерегі тіркелген, яғни, бұл бұрынғы кезеңдермен немесе көрсеткіштермен салыстырғанда әлем бойынша зорлық-зомбылықтан болатын өлім-жітім деңгейі шамамен ширегіне дейін азайғанын білдіреді. Бұған ең алдымен құрылымы оңтайландырылған урбанизация, жұмыс істейтін сот жүйелері және алдын алу бағытындағы мемлекеттік саясат сияқты маңңызды факторлар көмектескен. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне сәйкес бүгінде Гондурас, Сальвадор, Кот-д’Ивуар, Венесуэла, Белиз және Ямайка өлкелерінде ғана зорлық-зомбылықтан өлім-жітім көрсеткіші жоғары болып тұр. Әлемнің өзге өңірлерімен салыстырғанда. Vox.com сайтында сарапшылар зорлық-зомбылық секілді тағылық әрекеттен көз жұматындар қарасын азайту үшін әділ әрі азаматтық қоғам құру процесін жеделдетудің, адам капиталына инвестиция тартудың, саяси ерік, т.б. факторлардың ықпалы зор екенін жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат